Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 227
- Қабылданған күні
- 21.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 21.04.2021 155141_519937.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.04.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21UC006174
- ЭКБ идентификаторы
- 155141
- Редакция идентификаторы
- 155141_519937
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:30
0 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2) тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, 27-бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы бұйрығымен бекітілген «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларына» сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.
2
2. Кентау қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 13 тамыздағы № 283 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5754 нөмірімен тіркелген және 2020 жылғы 20тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Кентау қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Ғ.Үсенбаевқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
8 Мүгедектер үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квота
Кентау қаласы әкімдігінің
«21» сәуірдегі 2021 жылғы
№ 227 қаулысына қосымша
Мүгедектер үшін жұмыс орындарына 2021 жылға квота
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (%)
Мүгедектер үшін квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
2
3
4
5
1
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының «Алмагүл» бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
61
2
1
2
Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Қаратау мемлекеттік табиғи қорығы» республикалық мемлекеттік мекемесі
81
2
2
3
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының «Ы.Алтынсарин атындағы №1 қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
156
3
5
4
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының Кентау қаласының «Қарнақ жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
130
3
4