Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении государственного образовательного заказа на дошкольное воспитание и обучение, размера родительской платы на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 97
- Қабылданған күні
- 30.04.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2021 155585_553285.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21M0004510
- ЭКБ идентификаторы
- 155585
- Редакция идентификаторы
- 155585_553285
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 08:15
0 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Білім туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесін бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 16137 болып тіркелген) сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы;
2 2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері бекітілсін.
2 2. «Маңғыстау облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі (С.Д. Төлебаева) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Г.М. Қалмұратоваға жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
7 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 97 қаулысына
1-қосымша
2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Елді мекен
Тәрбиеленушілер
саны
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының түрлері және айына бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)
10,5 сағаттық болу режимі бар топтар, оның ішінде шағын орталықтар
10,5
сағаттық болу режимі бар түзету топтары
10,5 сағаттық болу режимі бар туберкулез интоксикациясы бар балалар тобы
Ауыл
19934
41053
71554
59606
Қала
20352
37527
66779
55786
0 2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2021 жылғы 30 сәуірдегі
№ 97 қаулысына
2-қосымша
2021 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға ата-ана төлемақысының мөлшері
Елді мекеннің атауы
Тәрбиеленушілер саны
Бір күнге ата-ана төлемақысының мөлшері (теңге) 3 жасқа дейін / 3 жастан бастап
Ақтау қаласы
15019
717
Жаңаөзен қаласы
8200
521,5/656,5
Бейнеу ауданы
2561
457,9/553,6
Қарақия ауданы
2009
563,96/652,0
Маңғыстау ауданы
2127
678
Мұнайлы ауданы
8142
688
Түпқараған ауданы
2228
561,7/680,3