Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2021 год

Қаулы · № 83 · қабылданған 12.05.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-156097/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 83 ·12.05.2021
12.05.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 83 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
83
Қабылданған күні
12.05.2021
Көрсетілген редакция
12.05.2021 156097_528305.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21VE008806
ЭКБ идентификаторы
156097
Редакция идентификаторы
156097_528305
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:09

0 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 9) тармақшасына, «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы
26 мамырдағы № 412 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 13898 нөмірмен тіркелген) бұйрығына сәйкес, Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы ұйым жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. Шығыс Қазақстан облысы «Абай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы қаулының аумақтық әділет органында тіркелуін;

2 2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің Абай ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жолданылуын;

3 3) ресми жарияланғанынан кейін осы қаулының Абай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Әкімдік қаулысының орындалуын бақылау қала әкімінің әлеуметтік сала, ішкі саясат, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Шығыс Қазақстан облысы
Абай ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 12 мамырдағы
№ 83 қаулысына
қосымша
2021 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарының квотасы

Кәсіпорын атауы
Жұмыскерлер-дің тізімдік саны
Квота мөлшері %
Жұмыс орындар саны
(адам)
1
Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Риза» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
50
1
1

Қолданыстағы