Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год

Қаулы · № 392 · қабылданған 09.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-156347/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 392 ·09.06.2021
09.06.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 392 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
392
Қабылданған күні
09.06.2021
Көрсетілген редакция
09.06.2021 156347_528244.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000392
ЭКБ идентификаторы
156347
Редакция идентификаторы
156347_528244
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:55

0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

«2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 35) тармақшасын және «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттерінің бекітілген сомаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 35) тармақшасына және «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына сәйкес әзірленді және 074 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 074 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін, 226 «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісін айқындайды.

2 2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2 2-тарау. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

3

3. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге пайдаланылады, оның ішіңде:

1 1) ана мен баланы қорғау жөнінде қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;

2 2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;

3 3) облыстық мамандандырылған медициналық жабдықтау базалары;

4 4) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген қөлемі шеңберінде медициналық көмектің қосымша көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге пайдаланылады.

4

4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, республикалық манызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 074 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүргізеді.

5

5. Жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу қалыптасқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметіне 074 бюджеттік бағдарлама бойынша ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын түзету туралы ұсыныс енгізеді.
__________________________

Қолданыстағы