Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2021 год

Бұйрық · № 302 · қабылданған 24.06.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-156697/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2021 год Қолданыста Бұйрық ·№ 302 ·24.06.2021
24.06.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2021 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 302 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан на 2021 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
302
Қабылданған күні
24.06.2021
Көрсетілген редакция
24.06.2021 156697_533624.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100023242
ЭКБ идентификаторы
156697
Редакция идентификаторы
156697_533624
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 07:47

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын бөлу туралы

«Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу

м.а Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің
2021 жылғы 24 маусымдағы
№ 302
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу

Мемлекеттік орган
Стипендия
студенттерге
магистранттарға
1.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
919
7
2.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
18
-
3.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
96
-
4.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
47
1
Барлығы
1080
8

Қолданыстағы