Құжат мәтініне өту

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2021 год

Қаулы · № 599 · қабылданған 01.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-158283/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 599 ·01.09.2021
01.09.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.09.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 599 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об основных условиях кредитования областных бюджетов, бюджетов городов республиканского значения, столицы на проведение капитального ремонта общего имущества объектов кондоминиумов на 2021 год
Атауы (қаз.)
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
599
Қабылданған күні
01.09.2021
Көрсетілген редакция
01.09.2021 158283_536356.kaz
Соңғы өзгеріс
01.09.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2100000599
ЭКБ идентификаторы
158283
Редакция идентификаторы
158283_536356
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:57

0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың,

астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ
мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2 2) кредиттік шарттардың негізгі және қосымша талаптарының орындалуын бақылауды;

3 3) бюджеттік кредиттердің мақсатты және тиімді пайдаланылуын, өтелуін және қызмет көрсетілуін бақылау мен мониторингтеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары:

1 1) түпкі қарыз алушымен кредиттік шарттар жасасын;

2 2) ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне кредиттердің игерілуі туралы ақпарат берсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы
№ қаулысымен
бекітілген
Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ
мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге 2021 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары

1 1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредиттер беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

1 1) қарыз алушылардың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне (бұдан әрі – кредитор) мәслихаттардың 2021 жылға арналған облыстық бюджеттерде, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының бюджеттерінде тиісті түсімдерді көздейтін шешімдерін ұсынуы;

2

2) «2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 008 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 10000000000 (он миллиард) теңге сомасындағы кредиттер қарыз алушыларға кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге жылдық 0,1 %-дық сыйақы мөлшерлемесі бойынша 7 (жеті) жыл мерзімге беріледі;

3 3) негізгі борышты төлеу бойынша жеңілдікті кезең 28 (жиырма сегіз) айдан аспауға тиіс;

4 4) кредиттерді игеру кезеңі кредиттер кредитордың шотынан аударылған кезден бастап есептеледі және 2021 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

2 2. Кредиттерді беру, өтеу және оларға қызмет көрсету жөніндегі қосымша шарттар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес кредиттік шартта белгіленеді.

___________________________________

Қолданыстағы