Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год

Қаулы · № 476 · қабылданған 20.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-159763/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 476 ·20.10.2021
20.10.2021 редакциясы
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 476 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарды және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
476
Қабылданған күні
20.10.2021
Көрсетілген редакция
20.10.2021 159763_542920.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21N0024910
ЭКБ идентификаторы
159763
Редакция идентификаторы
159763_542920
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:17

0 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарды және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.

2 2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Әкімдіктің
2021 жылғы 20 қазандағы
№ 476 қаулысына
қосымша
2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
Р/с №
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге
Алушыларға қойылатын өлшемшарттар
Өтінімді беру мерзімдері
1
Ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
15 000
1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркелуінің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) меншікті аналық мал басының (сиырлар мен 18 айдан асқан қашарлар) болуы;
3) жер учаскесін жем-шөп дақылдарына және (немесе) шабындық (шөп шабатын) алқаптарға (егістіктер, шабындықтар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар), оның ішінде бірлескен қызмет шарты бойынша бөлу туралы акт
ағымдағы жылдың 5 қарашадан 15 желтоқсанына дейін
2
Ұсақ малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
2 500
1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркелуінің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) меншікті қой/ешкінің аналық басының болуы (12 айдан асқан);
3) жер учаскесін жем-шөп дақылдарына және (немесе) шабындық (шөп шабатын) алқаптарға (егістіктер, шабындықтар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар), оның ішінде бірлескен қызмет шарты бойынша бөлу туралы акт
ағымдағы жылдың 5 қарашадан 15 желтоқсанына дейін
3
Жылқылар мен түйелердің аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
10 000
1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркелуінің болуы және деректердің сәйкестігі;
2) меншікті аналық басының болуы (36 айдан асқан);
3) жер учаскесін жемшөп дақылдарына және (немесе) шабындық (шөп шабатын) алқаптарға (егістіктер, шабындықтар, түбегейлі жақсартылған жайылымдар), оның ішінде бірлескен қызмет шарты бойынша бөлу туралы акт
ағымдағы жылдың 5 қарашадан 15 желтоқсанына дейін

Қолданыстағы