Құжат мәтініне өту

Об утверждении нормативов субсидий, критерии к получателям субсидий и сроки подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год

Қаулы · № 262 · қабылданған 30.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-161292/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об утверждении нормативов субсидий, критерии к получателям субсидий и сроки подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год Қолданыста Қаулы ·№ 262 ·30.11.2021
30.11.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении нормативов субсидий, критерии к получателям субсидий и сроки подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год

Қолданыста Қаулы ·№ 262 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении нормативов субсидий, критерии к получателям субсидий и сроки подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год
Атауы (қаз.)
2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
262
Қабылданған күні
30.11.2021
Көрсетілген редакция
30.11.2021 161292_548781.kaz
Соңғы өзгеріс
30.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V21U0025626
ЭКБ идентификаторы
161292
Редакция идентификаторы
161292_548781
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:27

0 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бекітілсін:

1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері;

2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері.

2 2. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оны ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Түркістан облысы әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

9 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуғ асубсидиялар нормативтері

Түркістан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 262 қаулысына 1-қосымша
2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуғ асубсидиялар нормативтері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 басқа арналған субсидиялар нормативтері, теңге
1
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
120 000
2
Ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
30 000
3
Ұсақ малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
5000
4
Жылқылардың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
20 000
5
Түйелердің аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
бас
20 000

10 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Түркістан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 30 қарашадағы
№ 262 қаулысына 2-қосымша
2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты
Алушыларға қойылатын өлшемшарттар
Өтінімді беру мерзімі
1
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорына (бұдан әрі – САТЖАҚ) және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда (бұдан әрі – АЖБ) тіркелуі және деректердің сәйкестігі;
2) өтінімді берген сәтте 18 айдан асқан меншікті аналық басының 600 бастан кем емес болуы;
3) тиісті инфрақұрылымы бар (сиырларды байлаусыз күтіп-бағу, автоматтандырылған сауу қондырғысы (әткеншек, шырша, параллель, тандем) бар сауу залы, автоматтандырылған көң шығару, азық тарату және суару, азық цехы, ветеринариялық пункт) тауарлық сүт фермасына арнайы комиссияның оң қорытындысының болуы;
4) өтінімді берген сәттен бастап субсидияланған аналық мал басының (табиғи кему нормалары шегіндегі өлім-жітімді, жарамсыздарын қоспағанда) өтінім тапсырған сәттен бастап 12 ай бойы сақталуын қамтамасыз етілуі;
5) есептік нөмірдің болуы;
6) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) бекітілген есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары жөніндегі статистикалық әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу дәптерінен алынған скриншот көшірмесінің және/немесе өтінім берілген сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21  бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) бекітілген «Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп» (индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан үзінді көшірменің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – САЖ) орналастырылуы.
20 желтоқсанға (қоса алғанда) дейін
2
Ірі қара малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелуі және деректердің сәйкестігі;
2) өтінімді берген сәтте 18 айдан асқан меншікті аналық басының 50 (егер мал басы ауыл шаруашылығы кооперативінде бекітілген болса 100 бастан кем емес) бастан кем емес болуы;
3) ағымдағы жылы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге қатысуы;
4) төлдің тууы 65%-дан кем емес, оны САТЖАҚ-да тіркеу және анасына бекіту;
5) есептік нөмірдің болуы;
6) ауыл шаруашылығы кооперативі үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері бойынша мәліметтердің ірі қара малдың аналық басының иелері туралы мәліметтермен сәйкестігі;
7) субсидияланатын ауыл шаруашылығы жануарлары ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің малы болған жағдайда өтінімдер мүшелері (мал иесі) атынан тапсырылады;
8) өтінімді берген сәттен бастап субсидияланған аналық мал басының (табиғи кему нормалары шегіндегі өлім-жітімді, жарамсыздарын қоспағанда) өтінім тапсырған сәттен бастап 12 ай бойы сақталуын қамтамасыз етілуі;
9) жайылымдардың болуы;
10) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136  бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) бекітілген есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары жөніндегі статистикалық әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу дәптерінен алынған скриншот көшірмесінің және/немесе өтінім берілген сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) бекітілген «Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп» (индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан үзінді көшірменің САЖ-да орналастырылуы.
3
Ұсақ малдың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелуі және деректердің сәйкестігі;
2) өтінімді берген сәтте меншікті қойдың/ешкінің аналық басының 12 айдан асқан 200 бастан (егер мал басы ауыл шаруашылығы кооперативінде бекітілген болса 500 бастан кем емес) кем емес болуы;
3) ағымдағы жылы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізуге қатысуы;
4) төлдің тууы 65%-дан кем емес, оны САТЖАҚ-да тіркеу және анасына бекіту;
5) есептік нөмірдің болуы;
6) ауыл шаруашылығы кооперативі үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері бойынша мәліметтердің ұсақ малдың аналық басының иелері туралы мәліметтермен сәйкестігі;
7) субсидияланатын ауыл шаруашылығы жануарлары ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің малы болған жағдайда өтінімдер мүшелері (мал иесі) атынан тапсырылады;
8) өтінімді берген сәттен бастап субсидияланған аналық мал басының (табиғи кему нормалары шегіндегі өлім-жітімді, жарамсыздарын қоспағанда) өтінім тапсырған сәттен бастап 12 ай бойы сақталуын қамтамасыз етілуі;
9) жайылымдардың болуы;
10) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) бекітілген есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары жөніндегі статистикалық әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу дәптерінен алынған скриншот көшірмесінің және/немесе өтінім берілген сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы № 21 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20030 болып тіркелген) бекітілген «Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп» (индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан үзінді көшірменің САЖ-да орналастырылуы.
4
Жылқылардың аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелуі және деректердің сәйкестігі;
2) өтінімді берген сәтте меншікті аналық басының 36 айдан асқан 50 бастан кем емес болуы(егер мал басы ауыл шаруашылығы кооперативінде бекітілген болса 100 бастан кем емес);
3) төлдің тууы 65%-дан кем емес, оны САТЖАҚ-да тіркеу және анасына бекіту;
4) есептік нөмірдің болуы;
5) ауыл шаруашылығы кооперативі үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері бойынша мәліметтердің ірі қара малдың аналық басының иелері туралы мәліметтермен сәйкестігі;
6) субсидияланатын ауыл шаруашылығы жануарлары ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің малы болған жағдайда өтінімдер мүшелері (мал иесі) атынан тапсырылады;
7) өтінімді берген сәттен бастап субсидияланған аналық мал басының (табиғи кему нормалары шегіндегі өлім-жітімді, жарамсыздарын қоспағанда) өтінім тапсырған сәттен бастап 12 ай бойы сақталуын қамтамасыз етілуі;
8) жайылымдардың болуы;
9) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген) бекітілген есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары жөніндегі статистикалық әдіснаманың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша шаруа немесе фермер қожалықтарын есепке алу дәптерінен алынған скриншот көшірмесінің және/немесе өтінім берілген сәтке Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 10 ақпандағы №21 бұйрығымен  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20030 болып тіркелген) бекітілген «Мал шаруашылығының жай-күйі туралы есеп» (индексі 24-аш, кезеңділігі жылдық) жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысанынан үзінді көшірменің САЖ-да орналастырылуы.
5
Түйелердің аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату
1) өтінімді берген сәтте аналық мал басының САТЖАҚ-та және АЖБ-да тіркелуі және деректердің сәйкестігі;
2) өтінімді берген сәтте меншікті аналық басының 36 айдан асқан 50 бастан кем емес болуы(егер мал басы ауыл шаруашылығы кооперативінде бекітілген болса 100 бастан кем емес);
3) төлдің тууы 65%-дан кем емес, оны САТЖАҚ-да тіркеу және анасына бекіту;
4) есептік нөмірдің болуы;
5) ауыл шаруашылығы кооперативі үшін – ауыл шаруашылығы кооперативінің мүшелері бойынша мәліметтердің ірі қара малдың аналық басының иелері туралы мәліметтермен сәйкестігі;
6) субсидияланатын ауыл шаруашылығы жануарлары ауыл шаруашылығы кооперативі мүшелерінің малы болған жағдайда өтінімдер мүшелері (мал иесі) атынан тапсырылады;
7) өтінімді берген сәттен бастапсубсидияланған аналық мал басының (табиғи кему нормалары шегіндегі өлім-жітімді, жарамсыздарын қоспағанда) өтінім тапсырған сәттен бастап 12 ай бойы сақталуын қамтамасыз етілуі;

Қолданыстағы