«Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидии, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2021 год по Кызылординской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидии, а также объемов бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2021 год по Кызылординской области»
- Атауы (қаз.)
- «Қызылорда облысы бойынша 2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы»
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 427
- Қабылданған күні
- 08.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2021 161387_548392.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21L0025650
- ЭКБ идентификаторы
- 161387
- Редакция идентификаторы
- 161387_548392
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:18
0 Қызылорда облысы бойынша 2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесін және субсидия нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қызылорда облысы бойынша 2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2
2. «Басым дақылдардың тiзбесін және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 18 маусымдағы № 56 қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 7527 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.
5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
6 Қызылорда облысы әкімдігінің
2021 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 427
қаулысымен бекітілген
Қызылорда облысы бойынша 2021 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№
Басым дақылдар тізбесі
Субсидия нормасы (1 тоннаға), теңге
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі, теңге
1
Мақсары
17 370,0
46 899 000,0