Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий, сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий, сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 351
- Қабылданған күні
- 09.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2021 161863_551900.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21V0025815
- ЭКБ идентификаторы
- 161863
- Редакция идентификаторы
- 161863_551900
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:15
0 2021 жылға арналған ауыл шаруашылығы
жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар,
субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 7-бабы 2-тармағының 18) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2021 жылға арналған субсидиялар нормативтері осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес;
2 2) ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2021 жылға арналған өлшемшарттар және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулы оның ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің агроөнеркәсіп кешені мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігі
9 Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2021 жылға арналған субсидиялар нормативтері
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 351 қаулысына
1 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға 2021 жылға арналған субсидиялар нормативтері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 бірлікке субсидия нормативтері, теңге
Субсидияланатын көлем, бас
Субсидиялар көлемі, мың теңге
1.
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:
бас
-
-
-
1.1.
Ірі қара малдың аналық басы
5 000
26 000
130 000
Барлығы:
130 000
10 Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2021 жылға арналған өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2021 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 351 қаулысына
2 қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар алушыларға қойылатын 2021 жылға арналған өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшемшарттар
САЖ -да субсидиялау шарттарына сәйкестікті тексеру әдісі
Өтінім беру мерзімі
1.
Ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату:
Өтінім берген сәтте аналық басының САТЖАҚ және АЖБД-да тіркелуі және деректерінің сәйкестігі.
САТЖАҚ және АЖБД -мен интеграциялық өзара іс-қимыл
Ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда)
1.1.
Ірі қара малдың аналық басы
1. Өтінім берген сәтте өзінің аналық басының (18 айдан асқан сиырлар мен қашарлардың) болуы.
2. Абай және Аягөз аудандарының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
САТЖАҚ – селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қоры;
АЖБД – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор;
САЖ – субсидиялаудың ақпараттық жүйесі.