Құжат мәтініне өту

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2021 год

Бұйрық · № 396 · қабылданған 23.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2021-ekb-162200/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2021 год Қолданыста Бұйрық ·№ 396 ·23.12.2021
23.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2021 год

Қолданыста Бұйрық ·№ 396 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О распределении стипендии Президента Республики Казахстан по высшим учебным заведениям на 2021 год
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
396
Қабылданған күні
23.12.2021
Көрсетілген редакция
23.12.2021 162200_552347.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100026035
ЭКБ идентификаторы
162200
Редакция идентификаторы
162200_552347
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:52

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға

арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша
бөлу туралы
«Қазақстан Республикасы Президентiнiң стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 5 наурыздағы № 1134 қаулысының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2021 жылғы 24 маусымдағы № 302 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 23242 болып тіркелді) бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын министрліктер арасында бөлу негізінде БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу (бұдан әрі ̶ бөлу) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Экономика және қаржы департаменті (А. Досходжаева) қосымшада көрсетілген бөлуге сәйкес жоғары оқу орындарына тиісті қаржы жылына республикалық бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде төлеуді қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

0 Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2021 жылғы 23 желтоқсандағы № 396
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылға арналған стипендиясын жоғары оқу орындары бойынша бөлу

Жоғары оқу орындарының атауы
Саны
1.
«Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
5
2.
«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі
9
3.
«Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы» республикалық мемлекеттік мекемесі
4
Барлығы:
18

Қолданыстағы