Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2021 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня социально-значимых убыточных маршрутов, подлежащих субсидированию на внутреннем водном транспорте по городу Уральск на 2021 год
- Атауы (қаз.)
- Орал қаласы бойынша 2021 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 3094
- Қабылданған күні
- 27.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.12.2021 162380_553781.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V21ZA026143
- ЭКБ идентификаторы
- 162380
- Редакция идентификаторы
- 162380_553781
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 04:32
0 Орал қаласы бойынша 2021 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Ішкі су көлігі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 154 «Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушылар шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11763 тіркелген) бұйрығына сәйкес және әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттарды субсидиялау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Орал қаласы бойынша 2021 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі бекітілсін.
2. «Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.Кульбаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Орал қаласы бойынша 2021 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
Орал қаласы әкімдігінің
2021 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 3094 қаулысына
қосымша
Орал қаласы бойынша 2021 жылға субсидиялауға жататын ішкі су көлігіндегі әлеуметтік маңызы бар шығынды маршруттар тізбесі
№
Тасымалдаулардың атауы
1
Орал қаласы – «Учужный затон» бау-бақша серіктестігі
2
Орал қаласы – «Барбастау» бау-бақша серіктестігі