Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Серебрянск района Алтай на 2022-2023 годы

Өзге акт · № 7/20-VII · қабылданған 28.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-159548/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Серебрянск района Алтай на 2022-2023 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 7/20-VII ·28.09.2021
21.10.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Серебрянск района Алтай на 2022-2023 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 7/20-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по городу Серебрянск района Алтай на 2022-2023 годы
Атауы (қаз.)
Алтай ауданының Серебрянск қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7/20-VII
Қабылданған күні
28.09.2021
Көрсетілген редакция
21.10.2022 159548_637723.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21VL00720M
ЭКБ идентификаторы
159548
Редакция идентификаторы
159548_637723
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:33

0 Алтай ауданының Серебрянск қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8,13 – баптарына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Алтай ауданының Серебрянск қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардап бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Алтай ауданының Серебрянск қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары

Алтай ауданының
мәслихатының
2022 жылғы 21 қазандағы
№ 23/11-VII шешіміне
қосымша
Алтай ауданының Серебрянск қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары
Осы Алтай ауданының Серебрянск қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі- Жоспар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген тіркелді) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөп қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу үрдісін болдырмау мақсатында қабылданады.
Жоспар:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Серебрянск қаласы аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) ( 1- қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-  қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картаны (  3-  қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4- қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5 -қосымша);
6) Серебрянск қаласының маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6- қосымша);
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графикті (7- қосымша);
7-1) жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картаны (7-1- қосымша) құрайды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Серебрянск қаласы аумағының жалпы ауданы 2574 га, соның ішінде егістіктер – 233 га, жайылымдық жерлер – 1343 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Серебрянск қаласының аумағы таулы-шалғынды аймақта орналасқан. Аймақтың климаты күрт континентті.
Серебрянск қаласының аумағында ветеринарлық пункт, мал қорымы бар.
2021 жылғы 1 қаңтарға Серебрянск қаласында (халықтың жеке ауласы және ЖШС, ШҚ мал басы) 498 ірі қара мал бар, оның ішінде аналық (сауын) 248 бас, ұсақ мал 547 бас, жылқы 77 бас (№1 кесте) есептелген.
Серебрянск қаласы бойынша ауыл шаруашылығы мал басының саны туралы деректер
№ 1 кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Ха­лық
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лым­да­ры
Бар­лы­ғы:
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
Бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
Бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
1
Се­реб­рянск қа­ла­сы
498
248
547
77
0
0
0
0
498
248
547
77
Серебрянск қаласы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алаптармен қамтамасыз ету үшін жалпы 1343 га бар.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес Серебрянск қаласының жергілікті халқының мұқтажы үшін елді мекендердің қолда бар жайылымдық алқаптары кезінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-ұстау бойынша 1343 га мөлшерінде қажеттілік 744 га құрайды (№2 кесте).
№ 2 кесте

Ел­ді
ме­кен­дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­ты­л­ға­ны, (га)
1
Се­реб­рянск қа­ла­сы
1343
248
3
744
0
599
Басқа да жергілікті ауыл шаруашылығы жануарларын мал басына түсетін жүктеме нормасында жаю: ірі қара мал – 3 га, ұсақ мал – 0,5 га, жылқы – 5 га, сондай-ақ елді мекен шегінде жүргізіледі (№3 кесте).
№ 3 кесте

Ел­ді
ме­кен­дер
Ха­лық
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
бар­лы­ғы (га)
1
Се­реб­рянск қа­ла­сы
250
547
77
3
0,5
5
750
274
385
1409
810 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қалыптасқан қажеттілігін ауыл шаруашылығы өндірушілерінің шалғайдағы жайылымдарында халықтың ауыл шаруашылығы малдарын жаю есебінен толықтыру қажет.
Серебрянск қаласы жергілікті халқының малын жаю үшін 4 табын ұйымдастырылған: 1– табын – қаланың батыс бөлігінде, суат: бұлақтар; 2– табын – қаланың солтүстік бөлігінде, суат: Сухой бұлағы; 3– табын – шығысында, суат: Серебрянка шағын өзені; 4– табын – қаланың оңтүстік бөлігінде, суат–Өскемен су қоймасы.
Алтай ауданының
Серебрянск қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
1- қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісіндеАлтай ауданының Серебрянск қаласы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

4 жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

Алтай ауданының
Серебрянск қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
2- қосымша
жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Бір табын үшін төрт танапты жайылым айналымының схемасы
(табындар)
жыл
телімдер
1
2
3
4
2022
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
демалыс
2023
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
демалыс
(К-Ж-К)
(К-Ж-К) көктем- жаз-күз

5 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген карта

Алтай ауданының
Серебрянск қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
3- қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген карта

6 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

Алтай ауданының
Серебрянск қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
4- қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

7 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Алтай ауданының
Серебрянск қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
5- қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

8 Серебрянск қаласының маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

Алтай ауданының
Серебрянск қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
6- қосымша
Серебрянск қаласының маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

9 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Алтай ауданының
Серебрянск қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
7- қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Елді мекен
Шалғайдағы жайылымдарға жануарларды айдау мерзімі
Шалғайдағы жайылымдардан жануарларды қайтару мерзімі
Серебрянск қаласы
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

10 Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы

Алтай ауданының
Серебрянск қаласы бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
7-1- қосымша
Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картасы

Қолданыстағы