Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Северному сельскому округу района Алтай на 2022-2023 годы

Өзге акт · № 7/19-VII · қабылданған 28.09.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-159565/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Северному сельскому округу района Алтай на 2022-2023 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 7/19-VII ·28.09.2021
21.10.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Северному сельскому округу района Алтай на 2022-2023 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 7/19-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Северному сельскому округу района Алтай на 2022-2023 годы
Атауы (қаз.)
Алтай ауданының Северное ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7/19-VII
Қабылданған күні
28.09.2021
Көрсетілген редакция
21.10.2022 159565_637737.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21VL00719M
ЭКБ идентификаторы
159565
Редакция идентификаторы
159565_637737
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:33

0 Алтай ауданының Северное ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі

2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 – баптарына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Алтай ауданының Северное ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардап бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Алтай ауданының Северное ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары

Алтай ауданының мәслихатының
2022 жылғы 21 қазандағы
№ 23/10-VII шешіміне
қосымша
Алтай ауданының Северное ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары
Осы Алтай ауданының Северное ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі- Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөп қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу үрдісін болдырмау мақсатында қабылданады.
Жоспар:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Северное ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1- қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2- қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картаны ( 3- қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4- қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5- қосымша);
6) Северное ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6- қосымша);
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графикті (7-қосымша);
7-1) жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаюға халық мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы мен ішкі шекаралары және алаңдары белгіленген картаны (7-1-қосымша) құрайды.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелерін – жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Северное ауылдық округінде әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша 3 елді мекен бар.
Северное ауылдық округі аумағының жалпы ауданы 46806 га, оның ішінде егістіктер – 5553 га, жайылымдық жерлер – 36217 га.
Санаттар бойынша жер мыналарға бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 21176 гектар;
елді мекендер жерлері – 3473 гектар;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі қажеттілігі үшін, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жерлер – 0,3 га;
босалқы жерлер - 22157 гектар.
Табиғи жағдайлары бойынша Северное ауылдық округінің аумағы таулы орманды далалы қоңыржай ылғалды аймақта орналасқан. Аймақтың климаты орташа ылғалды, орташа суық. Жазда ауа температурасы +40-42 градусқа жетеді, қыста минималды -45 градус. Жауын-шашын жылына орта есеппен 550-580 мм құрайды. Олардың ең көп мөлшері шілдеге келеді.
Топырағы негізінен сілтісізденген және таулы далалы қара топырақ.
Северное ауылдық округінің аумағында ветеринарлық пункт бар.
2021 жылғы 1 қаңтарға Северное ауылдық округінде 1618 ірі қара мал бар, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 766 бас, ұсақ мал 1052 бас, жылқы 1402 бас, (№1 кесте) оның ішінде:
Феклистовка ауылында:
ірі қара мал 1181 бас, оның ішінде аналық (сауын) мал басы 508 бас, ұсақ мал 503 бас, жылқылар – 1252 бас.
Жайылымдар ауданы 1672 га құрайды.
Северное ауылында:
ірі қара мал 211 бас, соның ішінде аналық (сауын) мал басы 122 бас, ұсақ мал 301 бас, жылқылар – 28 бас.
Жайылымдар ауданы 696 га құрайды.
Ермаковка ауылында:
ірі қара мал 226 бас, соның ішінде аналық (сауын) мал басы 136 бас, ұсақ мал 248 бас, жылқылар – 122 бас.
Жайылымдар ауданы 701 га құрайды.
Северное ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректер
№ 1 кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Ха­лық
Ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы құ­ры­лым­да­ры
Бар­лы­ғы:
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
Ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын
1
Фек­ли­стов­ка ауы­лы
418
242
463
44
763
266
40
1208
1181
508
503
1252
2
Се­вер­ное ауы­лы
121
62
231
19
90
60
70
9
211
122
301
28
3
Ер­ма­ков­ка ауы­лы
180
134
248
121
46
2
0
1
226
136
248
122
Жал­пы:
719
438
942
184
899
328
110
1218
1618
766
1052
1402
Северное ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алақптармен қамтамасыз ету үшін жалпы 36217 га бар, елді мекендер шегінде 3069 га жайылымдар есептелген.
Жоғарыда айтылғандар негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, жергілікті халықтың мұқтажы үшін (Феклистовка ауылы, Северное ауылы, Ермаковка ауылы) аналық (сауын) ауыл шаруашылығы жануарларының басын ұстауға елді мекендерде бар жайылымдық алқаптар мөлшерінде 3069 га, қажеттілік 1314 га (№ 2 кесте) құрайды.
№2 кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­ты­л­ға­ны, (га)
1
Фек­ли­стов­ка ауы­лы
1672
242
3
726
-
946
2
Се­вер­ное ауы­лы
696
62
3
186
-
510
3
Ер­ма­ков­ка ауы­лы
701
134
3
402
-
299
Бар­лы­ғы:
3069
438
1314
0
1755
Жергілікті халықтың басқа ауыл шаруашылығы жануарларының жайылымы бойынша мөлшері 2439 га жайылымдық алаптар қажеттілігі бар, ірі қара мал басына қалыпты жағдайдағы жүктемесі – 3 га, ұсақ мал – 0,5 га, жылқылар – 5 га (№ 3 кесте).
№ 3 кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Ха­лық
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы (га)
1
Фек­ли­стов­ка ауы­лы
176
463
44
3
0,5
5
528
463
220
1211
2
Се­вер­ное ауы­лы
59
231
19
3
0,5
5
177
175
95
447
3
Ер­ма­ков­ка ауы­лы
46
248
121
3
0,5
5
138
38
605
781
Бар­лы­ғы:
281
942
184
843
676
920
2439
Қалыптасқан 2439 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптар қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларының жайылымы есебінен:
Феклистовка ауылының тұрғындары үшін – 946 га елді мекен жерлерінен және 545 га А.М.Жунусовқа тиесілі жерлерден;
Северное ауылының тұрғындары үшін – 510 га елді мекен жерлерінен;
Ермаковка ауылының тұрғындары үшін – 299 га елді мекен жерлерінен және 499 га Е.А.Мурашкинаға тиесілі жерлерден толықтыру қажет.
Феклистовка ауылының жергілікті халқының малын жаю үшін 2 табын ұйымдастырылған: 1 – табын – Феклистовка ауылынан солтүстікке қарай, суат–Феклистовка шағын өзені, бұлақтар; 2 – табын – Феклистовка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай, суат – Феклистовка жылғасы, бұлақтар.
Северное ауылының жергілікті халқының малын жаю үшін 1 табын ұйымдастырылған Северное ауылынан солтүстік-шығысқа қарай, суат–Смолянка жылғасы, бұлақтар.
Ермаковка ауылының жергілікті халқының малын жаю үшін 2 табын ұйымдастырылған: 1 – табын – Ермаковка ауылынан солтүстік-шығысқа қарай, суат– Ертіс өзенінің тармағы; 2 – табын – Ермаковка ауылынан шығысқа қарай, суат– Ертіс өзенінің тармағы.
Северное ауылдық округінің жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі–ЖШС), шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 899 бас, ұсақ мал 110 бас, жылқылар 1218 бас құрайды.
ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы 5380 га құрайды (№4 кесте).
№ 4 кесте

Жер пай­да­ла­ну­шы­лар
Ауда­ны (га)
Тү­рі бой­ын­ша мал­дың ба­ры, (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
ірі қа­ра мал
ұсақ мал
Жыл­қы­лар
бар­лы­ғы (га)
1
«Шы­ғыс-Жер» ЖШС
1456
42
40
5
3
0,5
5
126
20
25
171
2
«100 Центр» ЖШС
47
0
0
0
3
0,5
5
0
0
0
0
3
«Ела­ман» ша­руа қо­жа­лы­ғы
1593
721
0
1203
3
0,5
5
2163
0
6015
8178
4
«Да­вы­ден­ко» ша­руа қо­жа­лы­ғы
2284
46
0
1
3
0,5
5
138
0
5
143
5
«Ниж­ник» АӨК
0
90
70
9
3
0,5
5
270
35
45
350
6
«Та­нур-Ма­як» ЖШС
1376
0
0
0
3
0,5
5
0
0
0
0
7
«Ела­ман и А» ЖШС
2903
0
0
0
3
0,5
5
0
0
0
0
8
«ТАН» ЖШС
1832
0
0
0
3
0,5
5
0
0
0
0
Бар­лы­ғы:
11491
899
110
1218
2697
55
6090
8842
«Еламан» шаруа қожалығының және «Нижник» АӨК 6935 га көлемінде қалыптасқан жайылымдық алақптардағы қажеттілігін «Еламан и А» ЖШС, «Танур-Маяк» ЖШС, «ТАН» ЖШС, «Давыденко» ш/қ тиесілі және босалқы жерлерде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.

4 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Северное ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Алтай ауданының
Северное ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
1- қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Алтай ауданының Северное ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

5 Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

Алтай ауданының
Северное ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
2- қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Бір табын үшін төрт танапты жайылым айналымының схемасы
(табындар)
жыл
телімдер
1
2
3
4
2022
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
демалыс
2023
(К-Ж-К)
(К-Ж-К)
демалыс
(К-Ж-К)
(К-Ж-К) көктем- жаз- күз

6 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

Алтай ауданының
Северное ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
3- қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

7 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

Алтай ауданының
Северное ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
4- қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

8 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Алтай ауданының
Северное ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
5- қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

9 Северное ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

Алтай ауданының
Северное ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
6- қосымша
Северное ауылдық округ маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

10 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Алтай ауданының
Северное ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
7- қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі
Ауылдық округ
Шалғайдағы жайылымдарға жануарларды айдау мерзімі
Шалғайдағы жайылымдардан жануарларды қайтару мерзімі
Северное
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

11 Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары белгіленген картасы

Алтай ауданының
Северное ауылдық округінде
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану бойынша
2022-2023 жылдарға
арналған жоспарына
7-1- қосымша
Жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге байланысты жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың мұқтажын қанағаттандыру үшін қажетті жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары белгіленген картасы

Қолданыстағы