Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию Кенжекольского сельского округа города Павлодара на 2022 - 2023 годы

Өзге акт · № 82/11 · қабылданған 18.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-160321/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию Кенжекольского сельского округа города Павлодара на 2022 - 2023 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 82/11 ·18.11.2021
18.11.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию Кенжекольского сельского округа города Павлодара на 2022 - 2023 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 82/11 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию Кенжекольского сельского округа города Павлодара на 2022 - 2023 годы
Атауы (қаз.)
Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
82/11
Қабылданған күні
18.11.2021
Көрсетілген редакция
18.11.2021 160321_545305.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21PA08211M
ЭКБ идентификаторы
160321
Редакция идентификаторы
160321_545305
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:48

0 Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдарын басқару

және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған
жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдарын басқару оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы жоспары бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспар

Павлодар қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
18 қарашадағы № 82/11
шешімімен бекітілген
Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған
жоспар
Осы Павлодар қаласы Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» № 173 бұйрығына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» № 3-3/332 бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридттік жайылымдарды ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.
Жоспар:

1 1) осы Жоспардың 1-қосымшасына сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасы);

2 2) осы Жоспардың 2-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;

3 3) осы Жоспардың 3-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын;

4 4) осы Жоспардың 4-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округінің жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын;

5 5) осы Жоспардың 5-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын;

6 6) осы Жоспардың 6-қосымшасына сәйкес Кенжекөл ауылдық округінің маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын;

7 7) осы Жоспардың 7-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күндізбелік кестесңн қамтиды.

Ауылдың аумағы Ертіс өзенінің оң жақ жағасында орналасқан. Батыс- Сібір ойпатының Ертіс жазық толқынды жазығы шегінде. Жаңбырлы бөліктің бедері Ертіс өзенінің жайылмасынан бірінші, екінші және үшінші террасалар шегінде орналасқан тегіс толқынды аллювиалды жазықпен ұсынылған.
Бұл аумақтың гидрографиялық көрінісінің өзіндік ерекшелігі бірқатар физикалық-географиялық факторларға байланысты, оның ішінде шұғыл континенталды климат аз жауын-шашынмен және ойпаттар болған кезде жазық рельефпен. Мұнда каштан, шалғынды-каштан топырақтары және каштан тұзды жалаулар пайда болды.
Жайылымдық алқаптардың орташа өнімділігі – 1,1-2,5 центнер/гектар. Ауадағы құрғақ массаның орташа өнімділігі 3,8-5,8 ц / га құрайды.
Жайылымдар жемдерінің қоры ұзақтығы 170-180 күн болатын жайылым кезеңінде пайдаланылады.
Кенжекөл ауылдық округінің жерлері оңтүстік бөлігінде орналасқан, солтүстікте Павлодар қаласының аумағымен шектеседі; шығысында және оңтүстігінде Заря ауылдық округі.
Табиғи-климаттық жағдайларға сәйкес Кенжекөл ауылдық округінің аумағы көктемгі-жазғы кезеңнің құрғақшылығымен, жаздың жоғары болуымен және қысқы ауа температурасының төмен болуымен сипатталатын, континентальды континентті III құрғақ далалық аймаққа кіреді. және жылдар мен маусымдардағы тұрақсыз жауын-шашын, және жыл бойында желдің белсенділігі.
Кенжекөл ауылдық округінің жалпы жер қоры 7532,6 га (бұдан әрі – га) соның ішінде жайылымдар – 4336,0 га;
Санаттары бойынша жерлер келесідей бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 9929,4 га;
елді мекендердің жерлері – 798 га;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жерлер – 252,2 га;
орман қорының жерлері – 18,0 га;
босалқы жерлер – жоқ.
Кенжекөл ауылдық округінің аумағындағы ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны: 2377 бас ірі қара мал, 6180 бас ұсақ мал, 1005 бас жылқы.
Кенжекөл ауылдық округінің шаруашылығы жануарларының түрлері бойынша қалыптастырылған үйірлер, отарлар, табындар келесідей бөлінген:
Ірі қара мал 4 табын, 4 отар бас ұсақ мал, 3 табын жылқы.
Жайылымдар ауданның табиғи-климаттық ерекшелігіне байланысты табиғи жайылымдарға жатады және көбінесе малды бағу үшін пайдаланылады. Ауыл аумағында екпе және аридтік жайылымдар жоқ.
Жайылымдарды негізгі пайдаланушылар Кенжекөл ауылдық округінің ауылының тұрғындары болып табылады.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процесстерін болғызбау мақсатында қабылданды.
Кенжекөл ауылдық округінде 1 ветеринарлық пункт қызмет істейді.
Кенжекөл ауылдық округінде малды айдап өтуге арналған 2 сервитут белгіленген.

11 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Павлодар қаласы
Кенжекөл ауылдық округінің
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Шартты белгілер:

12 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Павлодар қаласы
Кенжекөл ауылдық округінің
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
2-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Шартты белгілер:

13 Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

Павлодар қаласы
Кенжекөл ауылдық округінің
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
3-қосымша
Кенжекөл ауылдық округінің жайылымдардың, оның ішінде
маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары,
жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Шартты белгілер:

14 Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы

Павлодар қаласы
Кенжекөл ауылдық округінің
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
4-қосымша
Кенжекөл ауылдық округінің аумағында жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы
Шартты белгілер:

15 Кенжекөл ауылдық округінің жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Павлодар қаласы Кенжекөл
ауылдық округінің
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
5-қосымша
Кенжекөл ауылдық округінің жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Шартты белгілер:

16 Шартты белгілер:

Павлодар қаласы
Кенжекөл ауылдық округінің
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
6-қосымша
Кенжекөл ауылдық округінің маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Шартты белгілер:

17 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі

Павлодар қаласы
Кенжекөл ауылдық округінің
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
Жылдар
1- қаша
2- қаша
3- қаша
4- қаша
2022
көктемгі-жазғы 1-маусым
2 жазғы маусым
3-күзгі маусым
демалатын
маусым
2023
демалатын маусым
көктемгі-жазғы 1-маусым
2 жазғы маусым
3-күзгі маусым
Шартты белгілер:

Қолданыстағы