Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию села Мойылды города Павлодара на 2022 - 2023 годы

Өзге акт · № 83/11 · қабылданған 18.11.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-160324/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию села Мойылды города Павлодара на 2022 - 2023 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 83/11 ·18.11.2021
18.11.2021 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.11.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию села Мойылды города Павлодара на 2022 - 2023 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 83/11 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию села Мойылды города Павлодара на 2022 - 2023 годы
Атауы (қаз.)
Павлодар қаласы Мойылды ауылының жайылымдарын басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
83/11
Қабылданған күні
18.11.2021
Көрсетілген редакция
18.11.2021 160324_545526.kaz
Соңғы өзгеріс
18.11.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21PA08311M
ЭКБ идентификаторы
160324
Редакция идентификаторы
160324_545526
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:48

0 Павлодар қаласы Мойылды ауылының жайылымдарын басқару

және оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған
жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Павлодар қаласы Мойылды ауылының жайылымдарын басқару оларды пайдалану жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы жоспары бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 2022-2023 жылдарға арналған Павлодар қаласының Мойылды ауылы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары

Павлодар қалалық
мәслихатының 2021 жылғы
18 қарашадағы № 83/11
шешімімен бекітілді
2022-2023 жылдарға арналған Павлодар қаласының Мойылды ауылы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары
Павлодар қаласының Мойылды ауылында 2022 - 2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Осы жоспар (бұдан әрі - жоспар) Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары-Қазақстан Республикасының "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 173 бұйрығына және "жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті жол берілетін нормасын бекіту туралы"Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің № 3-3/332 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтерді, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарлары бастарының саны туралы деректерді ескере отырып, олардың иелерін көрсете отырып қабылданды – түрлері мен жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректерді, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтерді, ауыл шаруашылығы жануарларын мәдени және аридтік жайылымдарда жаю ерекшеліктерін, мал айдауға арналған сервитуттар туралы мәліметтерді және мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынған өзге де деректерді растайтын құжаттар қоса беріледі.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар құрамында:

1 1) осы жоспарға 1-қосымшаға сәйкес құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Мойылды ауылы аумағында жайылымдардың орналасу схемасы (картасы);;

2 2) осы жоспарға 2-қосымшаға сәйкес Мойылды ауылы аумағындағы жайылым айналымдарының қолайлы схемалары;

3 3) осы жоспарға 3-қосымшаға сәйкес жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген Мойылды ауылының картасын; ;

4 4) осы жоспарға 4-қосымшаға сәйкес Мойылды ауылы аумағында суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған жайылым пайдаланушылардың су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, копандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасы бекітілсін;

5 5) осы жоспарға 5-қосымшаға сәйкес Мойылды ауылының аумағында жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы бекітілсін;

6 6) осы жоспарға 6-қосымшаға сәйкес Мойылды ауылының аумағында ауылдың жанында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы;

7 7) осы жоспарға 7-қосымшаға сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және жылжытудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кесте.

Мойылды ауылының жерлері Павлодар қаласының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Геоморфологиялық тұрғыдан Мойылды ауылы оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай созылған,жеңіл-желпі манежі бар және қырат аралық құламалары бар әлсіз толқынды рельефпен сипатталатын Ертіс оң жағалауындағы құмды жазықтың шегінде орналасқан.
Табиғи-климаттық жағдайлары бойынша Мойылды ауылының аумағы күрт континенталды климаты бар ІІІ құрғақ дала аймағына кіреді, ол үшін көктемгі-жазғы кезеңнің қуаңдығы, жоғары жазғы және төмен қысқы воздлуха температурасы, атмосфералық жауын-шашынның жылдар және жыл кезеңдері бойынша жеткіліксіз және тұрақсыз мөлшері және жыл бойы елеулі жел қызметі тән.
Құрғақ ауа массасының орташа өнімділігі 1,5-6,7 центнер/га құрайды.
Жайылымдардың жемшөп қоры ұзақтығы 170-180 күн жайылымдық кезеңде пайдаланылады.
Табиғи-климаттық жағдайлары бойынша Мойылды ауылының аумағы күрт континенталды климаты бар құрғақ дала кіші аймағында орналасқан, ол үшін көктем-жаз мезгілінің қуаңшылығы, жоғары жазғы және төмен қысқы температуралар, атмосфералық жауын-шашынның жеткіліксіз және тұрақсыз ауа райы, олардың жазғы максимумы және жыл бойы айтарлықтай жел қызметі тән.
Мойылды ауылы аумағының жалпы ауданы 4042,0 га, оның ішінде жайылымдық жерлер – 1829,0 га.
Жер санаттары бойынша:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер-1829,0 га;
елді мекендердің жерлері - 85,0 га;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер – 109,0 га;
орман қорының жері – жоқ.
босалқы жер-жоқ.
Ауыл аумағындағы ауыл шаруашылығы мал басының саны: 495 бас ірі қара мал, 766 бас ұсақ мал, 200 бас жылқы.
Қалыптасқан табындар, отарлар, ауыл шаруашылығы жануарларының табындары түрлері бойынша мынадай түрде бөлінді:
1 Ірі қара мал табыны;
Ауылдық округтің табиғи-климаттық ерекшеліктеріне байланысты жайылымдар табиғи жайылымдарға жатады және негізінен мал жаю үшін пайдаланылады. Ауыл аумағында Мәдени және құрғақ жайылымдар жоқ.
Жайылымдардың негізгі пайдаланушылары Мойылды ауылының тұрғындары болып табылады.
Мойылды ауылы аумағында 1 ветеринарлық пункт жұмыс істейді.
Мойылды ауылында мал айдауға арналған сервитуттар орнатылмаған.

11 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Мойылды ауылының жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Павлодар қаласы
Мойылды ауылының
жайылымдарын басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Мойылды ауылының жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Шартты белгілер:

12 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Мойылды ауылының жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)

Павлодар қаласы
Мойылды ауылының
жайылымдарын басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
2-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Мойылды ауылының жайылымдардың орналасу схемасы (картасы)
Шартты белгілер:

13 Мойылды ауылының жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

Павлодар қаласы
Мойылды ауылының
жайылымдарын басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
3-қосымша
Мойылды ауылының жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Шартты белгілер:

14 Мойылды ауылының жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

Павлодар қаласы
Мойылды ауылының
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
4-қосымша
Мойылды ауылының жайылымдардың, оның ішінде
маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары,
жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
Шартты белгілер:

15 Мойылды ауылының жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы

Павлодар қаласы
Мойылды ауылының
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
5-қосымша
Мойылды ауылының жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасы
Шартты бельгілер:

16 Мойылды ауылының маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

Павлодар қаласы
Мойылды ауылының
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
6-қосымша
Мойылды ауылының маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы
Шартты бельгілер:

17 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі

Павлодар қаласы
Мойылды ауылының
жайылымдарын басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі 2022 - 2023 жылдарға
арналған жоспарға
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
Жылдар
1- қаша
2- қаша
3- қаша
4- қаша
2022
көктемгі-жазғы 1-маусым
2 жазғы маусым
3-күзгі маусым
демалатын
маусым
2023
демалатын маусым
көктемгі-жазғы 1-маусым
2 жазғы маусым
3-күзгі маусым
Шартты белгілер:

Қолданыстағы