Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бакинскому сельскому округу Бородулихинского района на 2022-2023 годы

Өзге акт · № 12-9-VII · қабылданған 24.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-164023/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бакинскому сельскому округу Бородулихинского района на 2022-2023 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 12-9-VII ·24.12.2021
24.12.2021 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бакинскому сельскому округу Бородулихинского района на 2022-2023 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 12-9-VII · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Бакинскому сельскому округу Бородулихинского района на 2022-2023 годы
Атауы (қаз.)
Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
12-9-VII
Қабылданған күні
24.12.2021
Көрсетілген редакция
24.12.2021 164023_561670.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21VH00129M
ЭКБ идентификаторы
164023
Редакция идентификаторы
164023_561670
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:44

0 Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 - баптарына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес, Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жоспар бекітілсін.

2 2. Осы шешім 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

3 Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жоспар

Бородулиха аудандық мәслихатының
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 12-9-VII шешімімен
бекітілді
Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жоспар
Осы Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша 2021-2022 жылдарға арналған жоспары (бұдан әрі-Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 15090 нөмірімен тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөпке қажеттілігін тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу үрдісін болдырмау мақсатында қабылданады.
Жоспар:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын) (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картаны (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын (5-қосымша);
6) Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасын (6-қосымша);
7) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графикті (7-қосымша) қамтуға тиіс.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, иелерін-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі аумағының жалпы ауданы 76626 га, соның ішінде егістік – 24605,9 га, жайылымдық жерлер - 48587 га.
Санаттары бойынша жерлер бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер - 70540,9 га;
елді мекендердің жерлері - 6086 га;
өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер – 2 га;
босалқы жер – 0 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің аумағы дала аймағына жатады. Климаты қысы қатал және ұзақ, жазы қысқа және ыстық, көктемі мен күзі тез континенталды. Ауаның орташа температурасы – 25 градус. Жауын – шашын жылына орта есеппен 500-560 мм құрайды. Олардың ең көп саны маусым, шілде айларында болады.
Округ аумағының топырақ жамылғысы қызғылт топырақ. Қызғылт топырақтар негізінен оңтүстік және оңтүстік-батыс бөлігінде таралған. Бұл жеңіл және орташа сазды механикалық құрамдағы, сапасы төмен топырақ. Гумус қабатының қуаты 40-50 см құрайды. Оларды пайдалану кезінде агротехникалық және эрозияға қарсы шараларды сақтау қажет.
Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің аумағында мал дәрігерлік бекет бар.
2021 жылдың 1 қаңтарына Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және ЖШС, ШҚ мал басы) 1605 ірі қара мал, оның ішінде аналық мал басы 890 бас, ұсақ мал 1302 бас, жылқы 798 бас (№1 кесте), соның ішінде:
Коростели ауылында:
ірі қара мал - 962 бас, соның ішінде аналық мал - 536 бас, ұсақ мал - 534 бас, жылқы - 625 бас.
Жайылымдардың ауданы 3000 га құрайды;
Ауыл ст.:
ірі қара мал - 496 бас, соның ішінде аналық мал - 266 бас, ұсақ мал - 757 бас, жылқы - 153 бас.
Жайылым алаңы 1586 га құрайды;
Тарск ауылында (Коростели):
ірі қара мал - 147 бас, соның ішінде аналық мал - 88 бас, ұсақ мал - 48 бас, жылқы - 10 бас.
Жайылым алаңы 1500 га құрайды.
№ 1 кесте

Ел­ді­ме­кен
дер
Са­ны
ш/қ және ЖШС
Бар­лы­ғы:
ІҚМ
ІҚМ
Жыл
қы
лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл
қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл
қы­лар
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де са­уын
ды
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де са­уын
ды
бар­лы­ғы
со­ның ішін­де са­уын
ды
1
Ко­ро­сте­ли а.
635
335
582
348
474
289
0
287
1109
624
582
635
2
Ауыл ст.
460
241
720
153
36
25
7
0
496
266
757
153
Жал­пы:
1095
576
1302
501
512
314
7
287
1605
890
1339
788
Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын қамтамасыз ету үшін 48587 га жайылымдық жер бар, елді мекендер шегінде 6086 га жайылымдық жерлер бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес, елді мекендердің жайылымдық алқаптары 6086 га болған кезде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-ұстау бойынша жергілікті халықтың мұқтажы үшін (Коростели а., Ауыл ст.) қажеттілік 221 га құрайды (№2 кесте).
№ 2 кесте

Ел­ді­ме­кен
дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар
дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жүк­те­ме нор­ма­сы бой­ын­ша есеп­теу, (га) (4*5)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі (га)
Ар­ты­л­ға­ны, (га)
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Ко­ро­сте­ли а.
4500
335
7,5
2512
0
1988
2
Ауыл ст.
1586
241
7,5
1807
221
0
Бар­лы­ғы:
6086
576
7,5
4319
221
1988
Ірі қара мал басына түсетін жүктеме нормасы – 7,5 га/бас, ұсақ мал – 1,5 га/бас, жылқы – 9 га/бас болған кезде жергілікті халықтың басқа ауыл шаруашылығы жануарларын жаю елді мекендер шегінде де жүргізіледі (№3 кесте).
№ 3 кесте

Ел­ді­ме­кен
дер
Са­ны
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жүк­те­ме нор­ма­сы бой­ын­ша есеп­теу,(га)
Қа­жет­ті­лік (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл
қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы (га)
Бар­лы­ғы (га)
1
Ко­ро­сте­ли а.
300
582
348
7,5
1,5
9
2250
873
3132
6255
1755
2
Ауыл ст.
219
720
153
7,5
1,5
9
1643
1080
1377
4100
2600
Бар­лы­ғы:
576
1302
501
7,5
1,5
9
3893
1953
4509
10355
4355
Коростели ауылы мен Ауыл станциясының жергілікті халқының шалғайдағы малын (бұзаулы сиырлар (емізулі)) жаю үшін 3 үйірлер ұйымдастырылды:
бірінші шалғайдағы үйір – «Садовский» тоғанының аумағы, (Коростели ауылынан 6 шаршы метр), суару «Садовский» тоғанынан жүзеге асырылады, қашасы бар;
екінші шалғайдағы үйір – «Тулун Гужа» жері, суару тоғаннан (бензин айдауыш), қашасы бар;
үшінші шалғайдағы үйір – Коростели ауылынан 25 ш.м., «Возрождение» ШҚ жайылымы, суару тоғаннан (бензин айдауыш), қашасы бар.
Сауынды табындар:
бірінші сауынды үйір – Коростели ауылының сиырлары, «Садовский» тоғанына дейінгі жайылымда жайылады;
екінші сауынды үйір – Ауыл станциясының сиырлары, Тарск ауылының бағытында жайылады, суару дала өзенінен;
үшінші сауынды үйір – Тарск ауылының сиырлары, Тарск ауылының жанындағы жайылымда жайылады, суары ұңғымадан.
Қой мен ешкілердің жайылым отарлары:
Коростели ауылы мен Ауыл станциясының ұсақ қара малының бірінші отары, жайылымы Коростели ауылынан «Садовский» тоғынына дейін орналасқан, суару Коростели ауылында орналасқан шұңқырдан және «Садовский» тоғанынан;
Коростели ауылы мен Ауыл станциясының ұсақ қара малының екінші отары, жайылымы Коростели ауылынан Тулун Гужа жайылымына дейін орналасқан, суару «Садовский» тоғанынан;
Ауыл станциясының үшінші отары (жайылымды емес), тұрғындар Ауыл станциясы мен Коростели ауылының арасындағы жайылымда кезекпен бағады, суару кешке аулаларда.
Коросетли ауылы мен Ауыл станцияларының тұрғындарының жылқы табындары, жайылымы Корстели ауылынан 30 ш.м. орналасқан, ауылдық округ жерлері (бұрыңғы Кызыл Кудук ауылы).
Бақы ауылдық округінің ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 510 бас, ұсақ мал 7 бас, жылқы 287 бас.
ЖШС, шаруа және фермер қожалықтарының жайылым алаңы 42501 га құрайды (№4 кесте).
№ 4 кесте

Жер пай­да­ла­ну­шы­лар
Ала­ны (га)
Тү­рі бой­ын­ша мал­дың ба­ры, (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жүк­те­ме нор­ма­сы бой­ын­ша есеп­теу,(га)
Қа­жет­ті­лік (га)
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар, ма­рал­дар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар, ма­рал­дар
ІҚМ
ҰҚМ
Жыл­қы­лар, ма­рал­дар
Бар­лы­ғы (га)
1
«Ко­ро­сте­лев­ское» ЖШС
21964
300
0
10
7
1,5
9
2100
0
90
2100
-
2
«Та­бысты Несие» ш/қ
1000
53
0
0
7
1,5
9
371
0
0
371
-
3
«Ай­ша» ш/қ
634,6
36
7
2
7
1,5
9
252
10,5
18
252
-
4
«Ра­сул» ш/қ
1000
0
0
73
7
1,5
9
0
0
657
0
-
5
«Ер­та­ев» ш/қ
850
0
0
19
7
1,5
9
0
0
171
0
-
6
«Кы­зыл Ку­дук» ш/қ
10312
0
0
67
7
1,5
9
0
0
603
0
-
7
«Воз­рож­де­ние» ш/қ
862
0
0
125
7
1,5
9
0
0
1125
0
263
8
«Тул­пар» ш/қ
1000
121
0
0
7
1,5
9
847
0
0
847
-
9
«Ла­за­рев и К» ЖШС
2017,8
0
0
0
7
1,5
9
0
0
0
0
-
10
«Ұлы-Қа­зы­на» ш/қ
1100,4
0
0
0
7
1,5
9
0
0
0
0
-
11
«Айт­бай» ш/қ
1005
149
0
0
7
1,5
9
1043
0
0
1043
38
12
«Каз­бек» ш/қ
466,5
0
0
0
7
1,5
9
0
0
0
0
-
Бар­лы­ғы:
42212
510
7
296
7
1,5
9
4613
10,5
2664
7287
301

4 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі бойынша аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын)

Бородулиха ауданы Бақы ауылдық
округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
бойынша 2021-2022 жылдарға
арналған жоспарына
1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округі бойынша аумағында жайылымдардың орналасу схемасын (картасын)

5 Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын

Бородулиха ауданы Бақы ауылдық
округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі бойынша
2021-2022 жылдарға арналған жоспарына
2-қосымша
Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің жайылым айналымдарының қолайлы схемаларын

6 Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын

Бородулиха ауданы Бақы ауылдық
округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі бойынша
2021-2022 жылдарға арналған жоспарына
3-қосымша
Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасын

7 жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын

Бородулиха ауданы Бақы ауылдық
округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі бойынша
2021-2022 жылдарға арналған жоспарына
4-қосымша
жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу схемасын

8 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын

Бородулиха ауданы Бақы ауылдық
округі бойыншажайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі бойынша
2021-2022 жылдарға арналған жоспарына
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру схемасын

9 Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

Бородулиха ауданы Бақы ауылдық
округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі бойынша
2021-2022 жылдарға арналған жоспарына
6-қосымша
Бородулиха ауданы Бақы ауылдық округінің маңында орналасқан жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

10 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Бородулиха ауданы Бақы ауылдық
округі бойынша жайылымдарды
басқару және оларды пайдалану
жөніндегі бойынша 2021-2022
жылдарға арналған жоспарына
7-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың
маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік графигі

Ауылдық округтің атауы
Мал жаюдың басталу мерзімі
Мал жаюдың аяқталу мерзімі
1
Бақы
1 мамыр
1 қазан
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік график, соның ішінде топырақ-климаттық аймаққа, ауыл шаруашылық жануарларының түрлеріне, сонымен қатар жайылымдардың өнімділігіне байланысты орман алқабында жайылымдық кезеңнің ұзақтығы 130-160 күнді құрайды, орман дала мен далада – 150-200 күн, шөлейтте – 220-280 күн, шөлде - 300 күннен астам немесе жыл бойы.
Ескерту: аббревиатуралардың толық жазылуы:
га – гектар;
°С – Цельсий көрсеткіші;
мм – миллиметр;
а/о – ауылдық округі

Қолданыстағы