Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию на 2022-2023 годы Айнабулакского сельского округа Зайсанского района

Өзге акт · № 15-17/6 · қабылданған 24.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-165543/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию на 2022-2023 годы Айнабулакского сельского округа Зайсанского района Қолданыста Өзге акт ·№ 15-17/6 ·24.12.2021
24.12.2021 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию на 2022-2023 годы Айнабулакского сельского округа Зайсанского района

Қолданыста Өзге акт ·№ 15-17/6 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию на 2022-2023 годы Айнабулакского сельского округа Зайсанского района
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданы Айнбұлақ ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
15-17/6
Қабылданған күні
24.12.2021
Көрсетілген редакция
24.12.2021 165543_579505.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21VK15176M
ЭКБ идентификаторы
165543
Редакция идентификаторы
165543_579505
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:43

0 Зайсан ауданы Айнбұлақ ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 20 ақпандағы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы «Жер кодексінің» 15-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес, Зайсан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған Жоспары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар

Зайсан аудандық мәслихатының
2021 жылғы 24 желтоқсандағы
№ 15-17/6 шешіміне қосымша
Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
Айнабұлақ ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар (бұдан әрі – Жоспар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15090 тіркелді), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 тіркелді) сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жемшөптерге деген қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу үдерісінің алдын алу мақсатында қабылданады.
Жоспарда көрсетіледі:

1 1) Жерлердің санаттары, жер телімдерінің меншік иелері және құқық белгілеуші құжаттардың негізінде жер пайдаланушылары бойынша Айнабұлақ ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу картасы (1 қосымша);

2 2) Жайылым айналымының қолайлы схемалары (2 қосымша);

3 3) жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен аудандары, соның ішінде маусымдық жайылымдық инфрақұрылым нысандары белгіленген карта (3 қосымша);

4 4) суды тұтыну нормасына сәйкес құрастырылған жайылым пайдаланушыларының су көздеріне (көлдер, өзендер, тоғандар, апандар, суару және суландыру арналары, құбырлы және шахталық құдықтар) қолжетімдік схемасы (4 қосымша);

5 5) жайылымдары жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы мал бастарын жайғастыру және оларды ұсынылған жайылымдарға ауыстыру үшін жайылымдарды қайта бөлу схемасы (5 қосымша);

6 6) ауылшаруашылығы малдарының жайылуы мен жүруінің маусымдық бағыттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану бойынша күнтізбелік график (6 қосымша).

Отарлы мал шаруашылығы үшін табиғи-климаттық жағдайлардың сай келмеуіне байланысты және көктемгі-жазғы-күзгі жайылымдар ретінде мал жаю режимі тағайындалған геоботаникалық деректерге байланысты Айнабұлақ ауылдық округінде жеке және заңды тұлғалардың отарлы жайылымдарында ауылшаруашылығы мал бастарын жайғастыру схемасы қарастырылмаған.
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеу күйі туралы 1983 жылғы мәліметтерді, жеке және заңды тұлғалардың ауылшаруашылығы мал бастарының саны туралы деректерді ескере отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Айнабұлақ ауылдық округінде 4 елді мекен бар.
Айнабұлақ ауылдық округінің аумағының жалпы ауданы– 86616 га, соның ішінде: егіндік жерлер – 2367 га, тыңайған жерлер – 510 га, шабындықтар – 3909 га, жайылымдар– 69112 га; бақшалар – 14,0 га; өзге жерлер – 10704 га.
Мал жаю үшін жарамды санаттары бойынша жер былай бөлінеді:
Ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлер– 64441 га;
Елді мекендердегі жерлер–4671 га.
Климаттық жағдайы бойынша ауданның аумағы шөл-далалық құрғақ және альпілік тундра-шалғындық аймақтарға жатады. Климаты күрт континентальды. Жылына орташа есеппен 280-300 мм жауын-шашын түседі. Жауын-шашынның максималды мөлшері жаз мезгілінде түседі.
Топырақтары негізінен таулы қаратопырақ, қошқыл-сарғылт, сарғылт және ақшыл сарғылт топырақ.
2021 жылғы 1 қаңтардағы күйі бойынша Айнабұлақ ауылдық округінде (тұрғындардың жеке қосалқышаруашылығы және шаруашылықтардың және шаруақожалықтары мен ЖШС-ң мал басы) 10779 ірі қара мал бар, олардың арасында: төлдейтін мал 5718 бас, қойлар мен ешкілер 9650 бас, жылқылар 4800 бас (1-кесте).
Айнабұлақ ауылдық округінде ауылшаруашылығы малдарының қалыптасқан табындар, отарлар түрлері бойынша былайша бөлінді:
50 табын ірі қара мал;
14 отар ұсақ малдар;
19 табын жылқы.
Айнабұлақ ауылдық округінде 4 ветеринарлық-санитарлық нысан жұмыс жасайды, олардың ішінде 3 мал қорымы, 1 ветеринарлық пункт бар.
Айнабұлақ ауылдық округінде малды айдауға арналған сервитуттар орнатылмаған.
1-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Тұр­ғын­дар
Ш/қ және ЖШС
Бар­лы­ғы
ІҚМ
ҰМ
Жыл
қы­лар
ІҚМ
ҰМ
Жыл
қы­лар
ІҚМ
ҰМ
Жыл
қы­лар
Бар
лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын сиыр­лар
Бар
лы­ғы
Со­ның ішін­де
са­уын сиыр­лар
Бар
лы­ғы
Со­ның ішін­де
са­уын сиыр­лар
Ай­на
бұ­лақ а/о
5579
2892
6008
1531
5200
2826
3642
3269
10779
5718
9650
4800
1
Ай­на­бұ
лақ а.
3614
1876
4122
581
2
Қай
нар а.
1033
550
247
338
3
Жа­ңа
тұр­мыс а.
800
411
1427
470
4
Шур
шут­су а.
132
55
212
142
Ауыл шаруашылығы малдарын Айнабұлақ ауылдық округі бойынша жайылымдық алқаппен қамтамасыз ету үшін барлығы 64441 га, елді мекендердің маңында 4671 га жайылымдар бар.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес елді мекендерде 4671 га жайылымдық алқап бар екенін ескере отырып, төлдейтін (сауын) ауылшаруашылығы мал басы бойынша жергілікті елді мекендер (Айнабұлақ, Қайнар, Жаңатұрмыс, Шуршутсу) үшін 18798 га жайылым қажет (2-кесте).
2-кесте

Ел­ді ме­кен
Жай­ы­лым­дар­дың ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар (ба­сы)
1 мал ба­сы­на шақ­қан­да жай­ы­лым­дар­ды пай­да­ла­ну нор­ма­сы(га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі (га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­тығы (га)
1
Ай­на­бұ­лақ а.
2310
1876
6,5
12194
-9884
-
2
Қай­нар а.
0
550
6,5
3575
-3575
-
3
Жа­ңа­тұр­мыс а.
1183
411
6,5
2671,5
-1488,5
-
4
Шур­шут­су а.
1178
55
6,5
357,5
-
+820,5
Жайылымдардың 14127 га көлеміндегі қалыптасқан қажеттілігін 14127 га көлеміндегі қордағы жерлерге және орман қорына тұрғындардың мал жаюы арқылы, сондай-ақ Шуршутсу елді мекенінің ауданы 820,5 га жерлеріне жаю үшін а/ш малдарын қайта бөлу арқылы толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындарға басқа ауылшаруашылығы малдарын жаю үшін 37217,7 га көлемінде жайылымдық жер қажет, бір ірі қара мал басының жүктемесі 6,5 га/бас, қойлар мен ешкілер – 1,3 га/бас, жылқылар – 7,8 га/бас (3-кесте).
3-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Тұр­ғын­дар­дың мал ба­ста­ры
1 мал ба­сы­на шақ­қан­да жай­ы­лым­дар­ды тұ­ты­ну нор­ма­сы(га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі(га)
ІҚМ
ҰМ
жыл­қы
лар
ІҚМ
ҰМ
жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰМ
жыл­қы­лар
Бар­лы­ғы(га)
1
Ай­на­бұ­лақ а.
1738
4122
581
6,5
1,3
7,8
11297
5358,6
4531,8
21187,4
2
Қай­нар а.
483
247
338
6,5
1,3
7,8
3139,5
321,1
2636,4
6097
3
Жа­ңа­тұр­мыс а.
389
1427
470
6,5
1,3
7,8
2528,5
1855,1
3666
8049,6
4
Шур­шут­су а.
77
212
142
6,5
1,3
7,8
500,5
275,6
1107,6
1883,7
Жайылымдардың 37217,7 га көлеміндегі қалыптасқан қажеттілігін қордағы жерлерге және орман қорына тұрғындардың мал жаюы арқылы, сондай-ақ Шуршутсу елді мекенінің ауданы 820,5 га жерлеріне жаю үшін а/ш малдарын қайта бөлу арқылы толықтыруға болады.
Айнабұлақ ауылдық округінің ЖШС мен шаруа қожалықтарында: ірі қара мал - 5200 бас, қойлар мен ешкілер – 3642 бас, жылқылар – 3269 бас.
ЖШС мен шаруа қожалықтарының жайылымдарға деген қажеттілігі 7889,8 га құрайды, оны Зайсан ауданының қордағы жерлеріне және орман қорына малды жаю арқылы толықтыру қажет (4-кесте).
4-кесте

Округ­тың ата­уы
Ауда­ны (га)
Түр­ле­рі бой­ын­ша мал­дар (бас)
1 мал ба­сы­на шақ­қан­да­ғы тұ­ты­ну нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар­дың қа­жет­ті­лі­гі (га)
ІҚМ
ҰМ
жыл­қы­лар
ІҚМ
ҰМ
жыл­қы
лар
ІҚМ
ҰМ
жыл­қы
лар
Бар­лы­ғы (га)
1
Ай­на­бұ­лақ
56143
5200
3642
3269
6,5
1,3
7,8
33800
4734,6
25498,2
64032,8
Жайылымдық жерлерді қажетсінуді төмендету үшін және оларды ұтымды пайдалану үшін Айнабұлақ ауылдық округіне, ЖШС мен шаруа қожалықтарына тыңайған жерлерді пішен шабу үшін бір жылдық жжем шөптерді егуге, тамырлық мелиорацияны жүргізуге (топырақтың беткі қабатын қопсыту және жапырылған жайылымдарға көпжылдық шөптерді егу), қыс мезгілінде пішен мен пішендемені дайындау үшін олардың шығымдылығын арттыру мақсатында шабындық учаскелерге көп жылдық шөптерді егуге кеңес беріледі. Жергілікті тұрғындарға ауылшаруашылығы малдарының бір бөлігін көктем-жаз-күз мезгілінде жайылымдық жерлердің жүктемесіне сәйкес шаруа қожалықтарына мал жаю үшін беруге кеңес беріледі.

10 Айнабұлақ а.о бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
1 қосымша

11 Айнабұлақ а.о бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
2 қосымша

12 Айнабұлақ а.о бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
3 қосымша

13 Айнабұлақ а.о бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
4 қосымша

14 Айнабұлақ а.о бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
5 қосымша

15 Айнабұлақ а.о бойынша 2022-2023 жылдарға

арналған жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
6 қосымша
Ауылдық округ
Басым өсімдіктер
Орташа шығымдылығы, ц/га,құрғақ масса
Малдарды жайылымдарға шығарумерзімі
Малдарды жайылымнан қайтару мерзімі
Айнабұлақ
Шымды-астық тұқымдас – бозды-бетегелі өсімдіктер
5,2
сәуір - мамыр
қыркүйек-қазан
Бұталы-шымды-астық тұқымдас – бозды-бетегелі өсімдіктер
4,7
маусым
тамыз
Жұмсақ сабақты-астық тұқымдас – бозды-бетегелі өсімдіктер
8,2
сәуір – мамыр
қыркүйек-қазан
Ірісабақты-астық тұқымдас – бозды-бетегелі өсімдіктер
12,6
сәуір - мамыр
қыркүйек-қазан

Қолданыстағы