Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Катон-Карагайскому сельскому округу на 2022-2023 годы

Өзге акт · № 19/241-VII · қабылданған 21.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-169730/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Катон-Карагайскому сельскому округу на 2022-2023 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 19/241-VII ·21.06.2022
21.06.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Катон-Карагайскому сельскому округу на 2022-2023 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 19/241-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Катон-Карагайскому сельскому округу на 2022-2023 годы
Атауы (қаз.)
2022-2023 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19/241-VII
Қабылданған күні
21.06.2022
Көрсетілген редакция
21.06.2022 169730_583097.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22VM19241M
ЭКБ идентификаторы
169730
Редакция идентификаторы
169730_583097
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:18

0 2022-2023 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округі

бойынша жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13 - баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. 2022-2023 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округінде жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 2022-2023 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар

Катонқарағай аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ 19/241-VІІ шешіміне
қосымша
2022-2023 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
2022-2023 жылдарға арналған Катонқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Катонқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Катонқарағай ауылдық округінде 5 елді мекен бар.
Катонқарағай ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 681 307,2 га, соның ішінде: егістіктер – 2630,68 га, шабындық жерлер – 14 043,38 га, жайылымдық жерлер – 275 796,72 га, басқа жерлер – 288 836,42 га.
Санаттар бойынша жерлер бөлінісі:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 30 976,20 га;
елді мекен жерлері – 6888,99 га жерлерге бөлінеді.
Табиғи жағдайлары бойынша Катонқарағай ауылдық округінің аумағы таулы-орманды дала аймағына жатады. Аймақтың климаты ылғалды, жазда орташа салқын және қыста суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жыл ішінде 500-800 мм жауын-шашын түседі, ал оңтүстікте 400-550 мм жақсы айқын жазғы максимуммен.
Ауданның гидрографиялық желісі көптеген өзендермен, көлдермен, бұлақтармен ұсынылған. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұқтырма өзені ең ірі су ағыны болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарын өзені екінші ірі су ағыны болып табылады. Тауларда көптеген ағындар пайда болады, әлсіз аңғар және ағынның жылдамдығы 1-2 м / сек. Өзендердің табиғаты таулы. Су сапалы, тұрмыстық және ауылшаруашылық сумен жабдықтаудың барлық түрлеріне жарамды. Осыған байланысты, ауданның барлық жайылымдары суландырылған және халықтың мал жайылымына суат белгілеуді талап етпейді.
Топырағы негізінен таулы-орманды, таулы-кен, қара топырақты.
Катонқарағай ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт, 2 мал қорымы және 1 мал тоғыту орны бар.
2022 жылдың 1 қаңтарына Катонқарағай ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалықтардың мал басы) ірі қара мал 3810 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 3199 бас, қой мен ешкі 8555 бас, жылқылар 6921 бас (1-кесте) есептелген.
Катонқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер
1- кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Ха­лық мал ба­сы
ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­рын­да­ғы мал ба­сы
Бар­лы­ғы:
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де са­уын­ды
1
Ка­тон­қа­ра­ғай
1988
1218
2355
2125
490
541
847
1378
2478
1759
3202
3503
2
Қа­быр­ға
86
95
424
366
123
128
319
330
209
223
743
696
3
Шың­ғы­стай
351
372
1356
561
291
303
1516
643
642
675
2872
1204
4
Жа­ңа-Үл­гі
188
244
727
485
196
204
578
703
384
448
1305
1188
5
Мой­ыл­ды
34
29
221
103
63
65
212
227
97
94
433
330
Катонқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 30 976,20 га, елді мекен шегінде 6888,99 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес жергілікті халықтың (Катонқарағай ауылы) мұқтажы үшін аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің жайылымдық алқаптарында 6888,99 га көлемінде қажеттілік 2117,0 га құрайды (2-кесте).
2 кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­тығы, (га)
1
Ка­тон­қа­ра­ғай
1537
1218
3,0
3654
2117
2
Қа­быр­ға
785,99
95
3,0
285
-
500,99
3
Шың­ғы­стай
1319
372
3,0
1116
-
203
4
Жа­ңа-Үл­гі
871
244
3,0
732
-
139
5
Мой­ыл­ды
573
29
3,0
87
--
486
Қалыптасқан 2117,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін, 500,99 га - Қабырға ауылы елді мекенінің жерлерінде, 387,8 га – К. Байбосыноваға тиесілі жерлерде, 1228,33 га - босалқы жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 24094,8 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар, ірі қара малдың бір басына түсетін жүктеме нормасы – 3,0 га/бас, қой мен ешкі – 0,6 га/бас, жылқы – 3,6 га/бас. (3-кесте).
3-кесте

Елді мекендер
Халықтың мал басы
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
барлығы (га)
1
Катонқарағай
1988
2355
2125
3,0
0,6
3,6
5964
1413
7650
15027
2
Қабырға
86
424
366
3,0
0,6
3,6
258
254,4
1317,6
1830
3
Шыңғыстай
351
1356
561
3,0
0,6
3,6
1053
813,6
2019,6
3886,2
4
Жаңа-Үлгі
188
727
485
3,0
0,6
3,6
564
436,2
1746
2746,0
5
Мойылды
34
221
103
3,0
0,6
3,6
102
132,6
370,8
605,4
Қалыптасқан 24094,8 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда, «Эко тур Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерінде - 1155,5 га, «Дауке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерінде - 996,4 га, «Ай -Марал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерінде - 1274,3 га, «Гаухар+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жерлерінде - 2320,7 га, азамат Е.М. Кильтрдің жерінде – 589,13 га, А. Балтабаевтың жерлерінде – 1548,3 га, А. Бакиннің жерлерінде – 2000,0 га, К.М. Сулейменованың жерлерінде – 1177,0 га, мемлекеттік ұлттық табиғи паркке тиесілі – 13 033,47 га жерлерде жаю есебінен толықтыру қажет.
Катонқарағай ауылдық округіндегі шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 2404 бас, қой мен ешкі 3472 бас, жылқы 3281 бас.
Шаруа және фермер шаруашылықтары жайылымдарының ауданы 30 976,20 га құрайды (4-кесте).
Катонқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу туралы мәліметтер
4-кесте
Ауыл­дық округ
ауда­ны (га)
Мал түр­ле­рі бой­ын­ша қол­да ба­ры, (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
бар­лы­ғы (га)
1
Ка­тон­қа­ра­ғай
30 976,20
2404
3472
3281
3,0
0,6
3,6
7212
2083,2
11811,6
21106,8

4 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Катонқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)

2022-2023 жылдарға арналған
Катонқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
Жоспарына 1- қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Катонқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)
Катонқарағай ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар тізімі
5 кесте.

Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
жайылым ауданы, га
мал басының болуы
қажет жайылым,
га
Артық жайылым, га
1
К. Байбосынова
402,28
ірі қара мал 5*3=15.0 га
-
387,8
2
«Эко тур Восток» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1155,5
жоқ
-
1155,5
3
«Дауке» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
996,4
жоқ
--
996,4
4
«Ай -Марал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1274,3
жоқ
1274,3
5
«Гаухар+» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
2320,7
жоқ
-
2320,7
6
Е.М. Кильтр
589,13
жоқ
-
589,13
7
А. Балтабаев
1548,3
жоқ
-
1548,3
8
А. Бакин
2000,0
жоқ
-
2000,0
9
К.М Сулейменова
1177,0
жоқ
-
1177,0
10
Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи парк
13 033,47
жоқ
-
13 033,47

5 Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары

2022-2023 жылдарға арналған
Катонқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
Жоспарына 2- қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы схемалары
Жылдар
1- мал айдау
2- мал айдау
3- мал айдау
4- мал айдау
2022
көктем-жазғы 1- маусым
жазғы
2- маусым
күзгі
3- маусым
демалыс
2023
демалыс
көктем-жазғы 1- маусым
жазғы
2- маусым
күзгі
3- маусым
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.

6 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

2022-2023 жылдарға арналған
Катонқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
Жоспарына 3- қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

7 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

2022-2023 жылдарға арналған
Катонқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
Жоспарына 4- қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

8 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

2022-2023 жылдарға арналған
Катонқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
Жоспарына 5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

9 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі

2022-2023 жылдарға арналған
Катонқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
Жоспарына 6-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Катонқарағай
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

Қолданыстағы