Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Коробихинскому сельскому округу на 2022-2023 годы

Өзге акт · № 19/242-VII · қабылданған 21.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-169731/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Коробихинскому сельскому округу на 2022-2023 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 19/242-VII ·21.06.2022
21.06.2022 редакциясы
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Коробихинскому сельскому округу на 2022-2023 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 19/242-VII · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Коробихинскому сельскому округу на 2022-2023 годы
Атауы (қаз.)
2022-2023 жылдарға арналған Коробиха ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19/242-VII
Қабылданған күні
21.06.2022
Көрсетілген редакция
21.06.2022 169731_583131.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22VM19242M
ЭКБ идентификаторы
169731
Редакция идентификаторы
169731_583131
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:19

0 2022-2023 жылдарға арналған Коробиха

ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13- баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. 2022-2023 жылдарға арналған Коробиха ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 2022-2023 жылдарға арналған Коробиха ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар

Катонқарағай аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ 19/242-VІІ шешіміне қосымша
2022-2023 жылдарға арналған Коробиха ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
2022-2023 жылдарға арналған Коробиха ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15090 нөмірімен тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Коробиха ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Коробиха ауылдық округінде 3 елді мекен бар.
Коробиха ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 19 603,87 га, соның ішінде: егістіктер – 2473,6 га, шабындықтар – 2969,9 га, жайылымдық жерлер – 13 836,95 га; басқа алқаптар – 323,42 га;
Санаттары бойынша жерлер бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 17 923,87 га;
елді мекен жерлері – 1680,0 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Коробиха ауылдық округінің аумағы таулы-орманды дала аймағына жатады. Аймақтың климаты ылғалды, жазда орташа салқын және қыста суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жыл ішінде 500-800 мм жауын-шашын түседі, ал оңтүстікте 400-550 мм жақсы айқын жазғы максимуммен.
Ауданның гидрографиялық желісі көптеген өзендермен, көлдермен, бұлақтармен ұсынылған. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұқтырма өзені ең ірі су ағыны болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарын өзені екінші ірі су ағыны болып табылады. Тауларда көптеген ағындар пайда болады, әлсіз аңғар және ағынның жылдамдығы 1-2 м / сек. Өзендердің табиғаты таулы. Су сапалы, тұрмыстық және ауылшаруашылық сумен жабдықтаудың барлық түрлеріне жарамды. Осыған байланысты, ауданның барлық жайылымдары суландырылған және халықтың мал жайылымына суат белгілеуді талап етпейді.
Топырағы негізінен таулы-орманды, таулы-кен, қара топырақты.
Коробиха ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт және 3 мал қорымы бар.
2022 жылдың 1 қаңтарына Коробиха ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалығының мал басы) ірі қара мал 2654 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 905 бас, қой мен ешкі 1956 бас, жылқылар 1912 бас, марал 816 бас (1-кесте) есептелген.
Коробиха ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер
1-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Ха­лық­тың мал ба­сы
Ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­ры­ның мал ба­сы
Бар­лы­ғы:
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі­лер
жыл­қы
ма­рал
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі­лер
жыл­қы
ма­рал
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де: са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де: са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де: са­уын­ды
1
Ко­ро­би­ха
256
240
53
213
83
137
29
178
-
339
337
82
391
-
2
Бар­лық
250
200
665
334
752
134
341
688
816
1002
334
1006
1022
816
3
Үш­бұ­лақ
210
143
554
244
198
51
314
255
-
408
194
868
499
-
Коробиха ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 19 603,87 га, елді мекен шегінде 1342,0 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес елді мекеннің қолда бар жайылымдық алқаптарында 1342,0 га мөлшерінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-ұстау бойынша жергілікті халықтың (Коробиха, Барлық, Үшбұлақ ауылдары) мұқтажы үшін қажеттілік 457,0 га құрайды (2 -кесте).
2-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­ты­л­ға­ны, (га)
1
Ко­ро­би­ха
464
240
3,0
720
256
-
2
Бар­лық
399
200
3,0
600
201
-
3
Үш­бұ­лақ
479
143
3,0
429
-
50
Қалыптасқан 457,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін босалқы жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 5758,6 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар. Ірі қара басына қалыпты жағдайдағы жүктемесі – 3,0 га/бас, қой мен ешкі – 0,6 га/бас, жылқылар – 3,6 га/бас (3-кесте).
3-кесте

Елді мекендер
Халықтың мал басы
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
барлығы (га)
1
Коробиха
256
53
213
3,0
0,6
3,6
768
31,8
766,8
1566,6
2
Барлық
250
665
334
3,0
0,6
3,6
750
399
1202,4
2151,4
3
Үшбұлақ
210
554
244
3,0
0,6
3,6
630
332,4
878,4
1840,8
Қалыптасқан 5758,6 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда босалқы жерлерде жаю есебінен толықтыру қажет.
Коробиха ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 1355 бас, қой мен ешкі 684 бас, жылқылар 1121 бас, марал 816 басты құрайды.
Шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы 19 603,87 га құрайды (4-кесте).
Коробиха ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылық өндірушілердің ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу бойынша мәліметтер
4-кесте
Ел­ді ме­кен ата­уы
Ауда­ны (га)
Мал түр­ле­рі бой­ын­ша қол­да ба­ры, (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ма­рал
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ма­рал
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ма­рал
бар­лы­ғы (га)
1
Ко­ро­би­ха
17 923,87
1355
684
1121
816
3,0
0,6
3,6
3,6
4065
410,4
4035,6
2937,6
11448,6

4 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Коробиха ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)

2022-2023 жылдарға
Коробиха ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Коробиха ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)

5 Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Коробиха ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы

2022-2023 жылдарға
Коробиха ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарына
2-қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Коробиха ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы
Жылдар
1 мал айдау
2 мал айдау
3 мал айдау
4 мал айдау
2022
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
демалыс
2023
демалыс
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.
2022-2023 жылдарға
Коробиха ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарына 3-қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

6 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

2022-2023 жылдарға
Коробиха ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарына
4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

7 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

2022-2023 жылдарға
Коробиха ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарына
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

8 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі

2022-2023 жылдарға
Коробиха ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану
жөніндегі жоспарына
6-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Коробиха
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

Қолданыстағы