Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Солоновскому сельскому округу на 2022-2023 годы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Солоновскому сельскому округу на 2022-2023 годы
- Атауы (қаз.)
- 2022-2023 жылдарғаарналған Солоновка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 19/247-VII
- Қабылданған күні
- 21.06.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.06.2022 169742_583435.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22VM19247M
- ЭКБ идентификаторы
- 169742
- Редакция идентификаторы
- 169742_583435
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:20
0 2022-2023 жылдарғаарналған Солоновка
ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13-баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. 2022-2023 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 2022-2023 жылдарға Солоновка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
Катонқарағай аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ 19/247-VІІ шешіміне
қосымша
2022-2023 жылдарға Солоновка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
2022-2023 жылдарға арналған Солоновка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15090 болып тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Солоновка ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Солоновка ауылдық округінде 2 елді мекен бар.
Солоновка ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 33 111,06 га, соның ішінде: егістіктер – 12 458,60 га, шабындық – 3446,68 га, жайылымдық жерлер – 16 688,87 га, басқа жерлер – 516,91 га.
Санаттары бойынша жерлер бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 29 124,06 га;
елді мекен жерлері – 3987,0 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Солоновка ауылдық округінің аумағы тау бөктеріндегі далалы орташа ылғалданған аймаққа жатады. Климаты ылғалды, жылы. Жауын-шашын жылына орта есеппен 550-700 мм түседі. Олардың ең көп саны жазғы кезеңге келеді.
Ауданның гидрографиялық желісі көптеген өзендермен, көлдермен, бұлақтармен ұсынылған. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұқтырма өзені ең ірі су ағыны болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарын өзені екінші ірі су ағыны болып табылады. Тауларда көптеген ағындар пайда болады, әлсіз аңғар және ағынның жылдамдығы 1-2 м / сек. Өзендердің табиғаты таулы. Су сапалы, тұрмыстық және ауылшаруашылық сумен жабдықтаудың барлық түрлеріне жарамды. Осыған байланысты, ауданның барлық жайылымдары суландырылған және халықтың мал жайылымына суат белгілеуді талап етпейді.
Топырақ негізінен таулы сілтісізденген қара, кәдімгі қара топырақты.
Солоновка ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт және 1 мал қорымы бар.
2022 жылдың 1 қаңтарына Солоновка ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалығының мал басы) ірі қара мал 3114 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 1733 бас, қой мен ешкі 4295 бас, жылқылар 1479 бас (1-кесте) есептелген.
Солоновка ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер
1-кесте
№
Елді мекендер
Халықтың мал басы
Шаруа және фермер қожалықтарының мал басы
Барлығы:
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
барлығы
Соның ішінде: сауынды
барлығы
Соның ішінде: сауынды
барлығы
Соның ішінде: сауынды
1
Малонарымка
434
512
2251
403
318
413
47
402
752
925
2298
805
2
Солоновка
504
539
1920
378
125
269
77
296
629
808
1997
674
Солоновка ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 29 124,06 га, елді мекен шегінде 3391,6 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 15-бабына сәйкес жергілікті халықтың (Солоновка ауылы, Малонарым ауылы) мұқтажы үшін аналық (сауын) мал басын ұстау бойынша елді мекеннің жайылымдық алқаптарында 3391,6 га көлемінде қажеттілік 1337,9 га құрайды (2-кесте).
2-кесте
№
Елді мекендер
Жайылымдар ауданы, (га)
Сауын сиырлардың болуы (бас)
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
Жайылымдармен қамтамасыз етілмеген (га)
Артылғаны, (га)
1
Малонарымка
1338,6
512
4,5
2304
965,4
-
2
Солоновка
2053
539
4,5
2425,5
372,5
-
Қалыптасқан 1337,9 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін, 1285,0 га - «Калинина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жерлерде, 52,9 га – босалқы жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 12192,3 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар. Ірі қара басына қалыпты жағдайдағы жүктемесі – 4,5 га/бас, қой мен ешкі – 0,9 га/бас, жылқылар – 4,5 га/бас (3-кесте).
3-кесте
№
Елді мекендер
Халықтың мал басы
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
барлығы (га)
Малонарымка
434
2251
403
4,5
0,9
4,5
1953
2025,9
2176,2
6155,1
Солоновка
504
1920
378
4,5
0,9
4,5
2268
1728
2041,2
6037,2
Қалыптасқан 12 192,3 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда 1251,0 га - «Малонарымка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жерлерде, 3970,9 га - «Калинина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жерлерде, 6971,3 га - «Большенарым орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемеге тиесілі жерлерде жаю есебінен толықтыру қажет.
Солоновка ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 1125 бас, қой мен ешкі 124 бас, жылқылар 698 бас құрайды.
Шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы 29 124,06 га құрайды (4-кесте).
Солоновка ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылық өндірушілердің ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу бойынша мәліметтер
4-кесте
Елді мекен атауы
Ауданы (га)
Мал түрлері бойынша қолда бары, (бас)
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
барлығы (га)
1
Солоновка
29 124,06
1125
124
698
4,5
0,9
4,5
5062,5
111,6
3769,2
8943,3
4 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Солоновка ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)
2022-2023 жылдарға
Солоновка ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарына
1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Солоновка ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)
Солоновка ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар тізімі
5-кесте.
№
Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
жайылым ауданы, га
мал басының болуы
қажет жайылым,
Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
1
«Калинина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
5255,9
жоқ
5255,9
2
«Малонарымка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне
1251,0
жоқ
1251,0
3
«Большенарым орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
6971,3
жоқ
-
6971,3
5 Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Солоновка ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы
2022-2023 жылдарға
Солоновка ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарына
2-қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Солоновка ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы
Жылдар
1 мал айдау
2 мал айдау
3 мал айдау
4 мал айдау
2022
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
демалыс
2023
демалыс
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.
6 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
2022-2023 жылдарға
Солоновка ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарына
3-қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы
7 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы
2022-2023 жылдарға
Солоновка ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарына
4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы
8 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы
2022-2023 жылдарға
Солоновка ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарына
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы
9 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
2022-2023 жылдарға
Солоновка ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарына
6-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Солоновка
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан