Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Ново-Хайрузовскому сельскому округу на 2022-2023 годы

Өзге акт · № 19/244-VII · қабылданған 21.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-169743/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Ново-Хайрузовскому сельскому округу на 2022-2023 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 19/244-VII ·21.06.2022
21.06.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Ново-Хайрузовскому сельскому округу на 2022-2023 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 19/244-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Ново-Хайрузовскому сельскому округу на 2022-2023 годы
Атауы (қаз.)
2022-2023 жылдарға арналған Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19/244-VII
Қабылданған күні
21.06.2022
Көрсетілген редакция
21.06.2022 169743_583441.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22VM19244M
ЭКБ идентификаторы
169743
Редакция идентификаторы
169743_583441
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:20

0 2022-2023 жылдарға арналған Ново-Хайрузовка ауылдық

округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13-баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. 2022-2023 жылдарға арналған Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 2022-2023 жылдарға арналған Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар

Катонқарағай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ 19/244-VІІ шешіміне
қосымша
2022-2023 жылдарға арналған Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
2022-2023 жылдарға арналған Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15090 нөмірімен тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Ново-Хайрузовка ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Ново-Хайрузовка ауылдық округінде 4 елді мекен бар.
Ново-Хайрузовка ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 38 271,8 га, соның ішінде: егістіктер – 8765,36 га, шабындықтар – 2601,31 га, жайылымдық жерлер – 25897,61 га; басқа алқаптар – 869,72 га;
Санаттары бойынша жерлер бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 33552,8 га;
елді мекен жерлері – 4719,0 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Ново-Хайрузовка ауылдық округінің аумағы орташа ылғалданған тау бөктеріндегі дала аймағына жатады. Климаты күрт континентті, қысы салыстырмалы суық, жазы ыстық және құрғақ. Жауын-шашын жылына орта есеппен 300-400 мм түседі. Олардың ең көп саны шілде айына келеді.
Ауданның гидрографиялық желісі көптеген өзендермен, көлдермен, бұлақтармен ұсынылған. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұқтырма өзені ең ірі су ағыны болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарын өзені екінші ірі су ағыны болып табылады. Тауларда көптеген ағындар пайда болады, әлсіз аңғар және ағынның жылдамдығы 1-2 м / сек. Өзендердің табиғаты таулы. Су сапалы, тұрмыстық және ауылшаруашылық сумен жабдықтаудың барлық түрлеріне жарамды. Осыған байланысты, ауданның барлық жайылымдары суландырылған және халықтың мал жайылымына суат белгілеуді талап етпейді.
Топырақ негізінен таулы қара топырақ, кәдімгі қара топырақ, қара қоңыр.
Ново-Хайрузовка ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт және 1 мал қорымы бар.
2022 жылдың 1 қаңтарына Ново-Хайрузовка ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалығының мал басы) ірі қара мал 1305 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 735 бас, қой мен ешкі 4294 бас, жылқылар 633 (1-кесте) есептелген.
Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер
1-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Ха­лық­тың мал ба­сы
Ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­ры­ның мал ба­сы
Бар­лы­ғы:
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі­лер
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі­лер
жыл­қы
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де: са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де: са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де: са­уын­ды
1
Но­во-Хай­ру­зов­ка
286
424
2323
312
179
217
1430
189
465
641
3753
501
2
Құн­ды­зды
12
15
120
13
-
-
-
-
12
15
120
13
3
При­мор­ское
46
48
84
15
-
-
-
-
46
48
84
15
4
Алы­бай
47
31
337
104
-
-
-
-
47
31
337
104
Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 33552,8 га, елді мекен шегінде 4003,0 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес, елді мекеннің қолда бар жайылымдық алқаптарында 4003,0 га мөлшерінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-ұстау бойынша жергілікті халықтың (Ново-Хайрузовка, Құндызды, Приморское, Алыбай ауылы) мұқтажы үшін қажеттілік жоқ (2 -кесте).
2-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­ты­л­ға­ны, (га)
1
Но­во-Хай­ру­зов­ка
1173
424
7,0
2968
1795
-
2
Құн­ды­зды
651
15
7,0
105
-
546
3
При­мор­ское
860
48
7,0
336
-
524
4
Алы­бай
1319
31
7,0
217
-
1102
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 10476,2 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар. Ірі қара басына қалыпты жағдайдағы жүктемесі – 7,0 га/бас, қой мен ешкі – 1,4 га/бас, жылқылар – 8,4 га/бас (3-кесте).
3-кесте

Елді мекендер
Халықтың мал басы
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
барлығы (га)
1
Ново-Хайрузовка
286
2323
312
7,0
1,4
8,4
2005
3252,2
2620,8
7875
2
Құндызды
12
120
13
7,0
1,4
8,4
84
168
109,2
361,2
3
Приморское
46
84
15
7,0
1,4
8,4
322
117,6
126
565,6
4
Алыбай
47
337
104
7,0
1,4
8,4
329
471,8
873,6
1674,4
Қалыптасқан 10476,2 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда 500,0 га – азаматша К. Кенеспаеваға тиесілі жерлерінде, 800,0 га – азамат К.Б. Мукашевтың жерінде, 1074,2 га - «Зерновая компания Хайрузовская» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне тиесілі жерлерінде, 8102,0 га – босалқы жерлерде жаю есебінен толықтыру қажет.
Ново-Хайрузовка ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 396 бас, қой мен ешкі 1430 бас, жылқылар 189 бас құрайды.
Шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы 33552,8 га құрайды (4-кесте).
Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылық өндірушілердің ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу бойынша мәліметтер
4-кесте
Ел­ді ме­кен ата­уы
Ауда­ны (га)
Мал түр­ле­рі бой­ын­ша қол­да ба­ры, (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
бар­лы­ғы (га)
1
Но­во-Хай­ру­зов­ка
33552,8
396
1430
189
7,0
1,4
8,4
2772
2002
1587,6
6361,6

4 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Ново-Хайрузовка ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)

2022-2023 жылдарға
Ново-Хайрузовка ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Ново-Хайрузовка ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)
Ново-Хайрузовка ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар тізімі
5-кесте.

Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
жайылым ауданы, га
мал басының болуы
қажет жайылым,
Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
1
Кенеспаева К.
500,0
жоқ
-
500,0
2
К.Б. Мукашев
800,0
жоқ
-
800,0
3
«Зерновая компания Хайрузовская» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1074,2
жоқ
-
1074,2

5 Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Ново-Хайрузовка ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы

2022-2023 жылдарға
Ново-Хайрузовка ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 2-қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Ново-Хайрузовка ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы
Жылдар
1 мал айдау
2 мал айдау
3 мал айдау
4 мал айдау
2022
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
демалыс
2023
демалыс
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.

6 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

2022-2023 жылдарға
Ново-Хайрузовка ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 3-қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

7 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

2022-2023 жылдарға
Ново-Хайрузовка ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

8 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

2022-2023 жылдарға
Ново-Хайрузовка ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына
5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

9 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі

2022-2023 жылдарға
Ново-Хайрузовка ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 6-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Ново-Хайрузовка
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

Қолданыстағы