Құжат мәтініне өту

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Белкарагайскому сельскому округу на 2022-2023 годы

Өзге акт · № 19/239-VII · қабылданған 21.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-2023-ekb-169868/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Белкарагайскому сельскому округу на 2022-2023 годы Қолданыста Өзге акт ·№ 19/239-VII ·21.06.2022
21.06.2022 редакциясы
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Белкарагайскому сельскому округу на 2022-2023 годы

Қолданыста Өзге акт ·№ 19/239-VII · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Плана по управлению пастбищами и их использованию по Белкарагайскому сельскому округу на 2022-2023 годы
Атауы (қаз.)
2022-2023 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
19/239-VII
Қабылданған күні
21.06.2022
Көрсетілген редакция
21.06.2022 169868_603156.kaz
Соңғы өзгеріс
21.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22VM19239M
ЭКБ идентификаторы
169868
Редакция идентификаторы
169868_603156
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:20

0 2022-2023 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық

округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңының 8, 13-баптарына сәйкес, Катонқарағай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. 2022-2023 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 2022-2023 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар

Катонқарағай аудандық
мәслихатының
2022 жылғы 21 маусымдағы
№ 19/239-VІІ шешіміне
қосымша
2022-2023 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі Жоспар
2022-2023 жылдарға арналған Белқарағай ауылдық округі бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жайылымдар туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 173 «Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 15090 нөмірімен тіркелген) бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 «Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11064 нөмірімен тіркелген) бұйрығына сәйкес әзірленді.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем - шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданады.
Жоспар мазмұны:
1) құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Белқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызба картасы (1-қосымша);
2) жайылым айналымдарының қолайлы сызбалары (2-қосымша);
3) жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы (3-қосымша);
4) жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы (4-қосымша);
5) жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы (5-қосымша);
6) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі (6-қосымша).
Жоспар жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қараудың жай-күйі туралы мәліметтер, ветеринариялық-санитариялық объектілер туралы мәліметтер, олардың иелері-жайылым пайдаланушыларды, жеке және (немесе) заңды тұлғаларды көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы деректер, ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер, шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын қалыптастыру туралы мәліметтер, екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері, малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер, мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар берген өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.
Әкімшілік-аумақтық бөлінуі бойынша Белқарағай ауылдық округінде 4 елді мекен бар.
Белқарағай ауылдық округі аумағының жалпы ауданы – 25 230,93 га, соның ішінде: егістіктер – 4616,88 га, шабындықтар – 746,75 га, жайылымдық жерлер – 19 373,59 га; басқа алқаптар – 464,71 га;
Санаттары бойынша жерлер бөлінеді:
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 22 228,93 га;
елді мекен жерлері – 2996,0 га.
Табиғи жағдайлары бойынша Белқарағай ауылдық округінің аумағы таулы-орманды дала аймағына жатады. Аймақтың климаты ылғалды, жазда орташа салқын және қыста суық. Аймақтың солтүстік жартысында бір жыл ішінде 500-800 мм жауын-шашын түседі, ал оңтүстікте 400-550 мм жақсы айқын жазғы максимуммен.
Ауданның гидрографиялық желісі көптеген өзендермен, көлдермен, бұлақтармен ұсынылған. Аудан аумағының солтүстік шекарасынан ағып өтетін Бұқтырма өзені ең ірі су ағыны болып табылады. Ауданды шығыстан батысқа қарай қиып өтетін Нарын өзені екінші ірі су ағыны болып табылады. Тауларда көптеген ағындар пайда болады, әлсіз аңғар және ағынның жылдамдығы 1-2 м / сек. Өзендердің табиғаты таулы. Су сапалы, тұрмыстық және ауылшаруашылық сумен жабдықтаудың барлық түрлеріне жарамды. Осыған байланысты, ауданның барлық жайылымдары суландырылған және халықтың мал жайылымына суат белгілеуді талап етпейді.
Топырағы негізінен таулы-орманды, таулы-кен, қара топырақты.
Белқарағай ауылдық округінің аумағында 1 ветеринарлық пункт, 2 мал қорымы және 1 мал тоғыту орны бар.
2022 жылдың 1 қаңтарына Белқарағай ауылдық округінде (халықтың жеке ауласы және шаруа қожалығының мал басы) ірі қара мал 1790 бас, соның ішінде төлдейтін (сауынды) мал басы 2271 бас, қой мен ешкі 4965 бас, жылқылар 5151 бас, марал 301 бас (1-кесте) есептелген.
Белқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының саны туралы деректер
1-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Ха­лық­тың мал ба­сы
Ша­руа және фер­мер қо­жа­лық­та­ры­ның мал ба­сы
Бар­лы­ғы:
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі­лер
жыл­қы
ма­рал
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі­лер
жыл­қы
ма­рал
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де: са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де: са­уын­ды
бар­лы­ғы
Со­ның ішін­де: са­уын­ды
1
Бел­қа­ра­ғай
324
393
982
500
490
591
1115
983
-
814
984
2097
1483
0
2
Топ­қай­ың
325
425
1102
823
208
293
623
1457
299
533
718
1725
2280
299
3
Өр­нек
61
92
116
144
172
241
501
683
2
233
333
617
827
2
4
Сө­гір
70
736
298
110
140
163
228
451
-
210
236
526
561
-
Белқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету үшін барлығы 22 228,93 га, елді мекен шегінде 3135,6 га жайылым бар.
Жоғарыда баяндалғанның негізінде, «Жайылымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес елді мекеннің қолда бар жайылымдық алқаптарында 3135,6 га мөлшерінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық (сауын) басын күтіп-ұстау бойынша жергілікті халықтың (Белқарағай, Топқайың, Өрнек, Сөгір) мұқтажы үшін қажеттілік 660,5 га құрайды (2 -кесте).
2-кесте

Ел­ді ме­кен­дер
Жай­ы­лым­дар ауда­ны, (га)
Са­уын сиыр­лар­дың бо­луы (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
Жай­ы­лым­дар­мен қам­та­ма­сыз етіл­ме­ген (га)
Ар­ты­л­ға­ны, (га)
1
Бел­қа­ра­ғай
1461,1
396
3,0
1179
-
282,1
2
Топ­қай­ың
614,5
425
3,0
1275
660,5
-
3
Өр­нек
598
92
3,0
276
-
322
4
Сө­гір
462
73
3,0
219
-
242
Қалыптасқан 660,5 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін, босалқы жерлерде халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю есебінен толықтыру қажет.
Жергілікті тұрғындардың басқа ауыл шаруашылық жануарларын жаю бойынша 9516,0 га көлемінде жайылымдық жер қажеттілігі бар. Ірі қара басына қалыпты жағдайдағы жүктемесі – 3,0 га/бас, қой мен ешкі – 0,6 га/бас, жылқылар – 3,6 га/бас (3-кесте).
3-кесте

Елді мекендер
Халықтың мал басы
Жайылымдардың 1 басқа қажетті нормасы (га)
Жайылымдар қажеттілігі,(га)
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
ірі қара мал
қой мен ешкі
жылқы
барлығы (га)
1
Белқарағай
324
982
500
3,0
0,6
3,6
972
589,2
1800
3361,2
2
Топқайың
325
1102
823
3,0
0,6
3,6
975
661,2
2962,8
4599
3
Өрнек
92
116
144
3,0
0,6
3,6
183
69,6
518,4
771
4
Сөгір
70
298
110
3,0
0,6
3,6
210
178,8
396
784,8
Қалыптасқан 9516,0 га мөлшеріндегі жайылымдық алқаптардың қажеттілігін халықтың ауыл шаруашылығы жануарларын шалғайдағы жайылымдарда 9516,0 га – «Катонқарағай шәрбаты» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативіне тиесілі жерлерде жаю есебінен толықтыру қажет.
Белқарағай ауылдық округінің шаруа және фермер қожалықтарындағы мал басы: ірі қара мал 2298 бас, қой мен ешкі 2467 бас, жылқылар 3574 бас, марал 301 басты құрайды.
Шаруа және фермер қожалықтарындағы жайылымдар ауданы 22 228,93 га құрайды (4-кесте).
Белқарағай ауылдық округі бойынша ауыл шаруашылық өндірушілердің ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу бойынша мәліметтер
4-кесте
Ел­ді ме­кен ата­уы
Ауда­ны (га)
Мал түр­ле­рі бой­ын­ша қол­да ба­ры, (бас)
Жай­ы­лым­дар­дың 1 бас­қа қа­жет­ті нор­ма­сы (га)
Жай­ы­лым­дар қа­жет­ті­лі­гі,(га)
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ма­рал
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ма­рал
ірі қа­ра мал
қой мен еш­кі
жыл­қы
ма­рал
бар­лы­ғы (га)
1
Бел­қа­ра­ғай
22 228,9
2298
2467
3574
301
3,0
0,6
3,6
3,6
6864
1480,2
12866,4
1083,6
22294,2

4 Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Белқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)

2022-2023 жылдарға
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 1-қосымша
Құқық белгілейтін құжаттар негізінде жер санаттары, жер учаскелерінің меншік иелері және жер пайдаланушылар бөлінісінде Белқарағай ауылдық округінің аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасы)
Белқарағай ауылдық округі аумағында жайылымдардың орналасу сызбасы (картасына) қоса берілетін жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар тізімі
5-кесте.

Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
жайылым ауданы, га
мал басының болуы
қажет жайылым,
Жер учаскелері жер пайдаланушыларының атауы
1
«Катонқарағай шәрбаты» ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі
9516,0
жоқ
-
9516,0

5 Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Белқарағай ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы

2022-2023 жылдарға
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 2-қосымша
Жайылым айналымдарының қолайлы сызбасы Белқарағай ауылдық округі үшін қолайлы жайылым айналымының сызбасы
Жылдар
1 мал айдау
2 мал айдау
3 мал айдау
4 мал айдау
2022
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
демалыс
2023
демалыс
көктем-жазғы 1-маусым
жазғы 2-маусым
күзгі 3-маусым
Ескертпе: 1, 2, 3, 4 – бір жылда мал айдаудың кезектілігі.

6 Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

2022-2023 жылдарға
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 3-қосымша
Жайылымдардың, оның ішінде маусымдық жайылымдардың сыртқы және ішкі шекаралары мен алаңдары, жайылымдық инфрақұрылым объектілері белгіленген картасы

7 Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

2022-2023 жылдарға
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 4-қосымша
Жайылым пайдаланушылардың су тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздерiне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, апандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахталы құдықтарға) қол жеткізу сызбасы

8 Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

2022-2023 жылдарға
Белқарағай ауылдық округі
бойынша жайылымдарды басқару
және оларды пайдалану жөніндегі
жоспарына 5-қосымша
Жайылымы жоқ жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының мал басын орналастыру үшін жайылымдарды қайта бөлу және оны берілетін жайылымдарға ауыстыру сызбасы

9 Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі

2022-2023 жылдарға
Белқарағай ауылдық округі бойынша
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарына
6-қосымша
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі
Ауылдық округ
Малды жайылымға шығару мерзімі
Малды шалғайдағы жайылымдардан қайтару мерзімі
Белқарағай
сәуір-мамыр
қыркүйек-қазан

Қолданыстағы