Об утверждении перечня приоритетных культур и нормы субсидий, а также объем бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и нормы субсидий, а также объем бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 05.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2022 142717_594252.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20U0005609
- ЭКБ идентификаторы
- 142717
- Редакция идентификаторы
- 142717_594252
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:37
0 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы
мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 болып тіркелген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялардың нормалары;
2 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2 2. Мына:
1
1) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы №163 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4128 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының;
2
2) Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №311 «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы №163 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4787 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қ.Қ.Айтмұхаметов
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Е.Аманбаев
С.А.Қалқаманов
М.И.Мырзалиев
Ұ.Қ.Тәжібаев
А.А.Абдуллаев
А.Б.Тасыбаев
«Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы «___» ______ №____қаулысына
12 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 112 қаулысына 1-қосымша
2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге
1
Мақсары
15 000
13 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 112 қаулысына 2-қосымша
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№
Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, теңге
1
Республикалық бюджет
432 075 000
14 Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған 1 тоннаға субсидиялар нормалары
Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы «__» ______ №__
қаулысына 3-қосымша
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған
1 тоннаға субсидиялар нормалары