Об утверждении перечня приоритетных культур и нормы субсидий, а также объем бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и нормы субсидий, а также объем бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 112
- Қабылданған күні
- 05.05.2020
- Көрсетілген редакция
- 20.09.2022 142717_594252.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V20U0005609
- ЭКБ идентификаторы
- 142717
- Редакция идентификаторы
- 142717_594252
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 14:37
0 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы
мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №20209 болып тіркелген «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы №107 бұйрығына сәйкес, Түркістан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялардың нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі бекітілсін.
2. Мына:
1) Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы №163 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4128 болып тіркелген, 2017 жылғы 27 маусымда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының;
2) Түркістан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №311 «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 маусымдағы №163 «Оңтүстік Қазақстан облысындағы басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және басым дақылдар өндіруді субсидиялау жолымен өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруға, жанар-жағармай материалдары мен көктемгi егіс және егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4787 болып тіркелген, 2018 жылғы 19 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. «Түркістан облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Ұ.Қ.Тәжібаевқа жүктелсiн.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қ.Қ.Айтмұхаметов
Ә.Е.Тұрғымбеков
Ж.Е.Аманбаев
С.А.Қалқаманов
М.И.Мырзалиев
Ұ.Қ.Тәжібаев
А.А.Абдуллаев
А.Б.Тасыбаев
«Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы «___» ______ №____қаулысына
12 2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 112 қаулысына 1-қосымша
2022 жылға арналған басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 тоннаға арналған субсидия нормасы, теңге
1
Мақсары
15 000
13 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы 5 мамырдағы
№ 112 қаулысына 2-қосымша
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі
№
Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, теңге
1
Республикалық бюджет
432 075 000
14 Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған 1 тоннаға субсидиялар нормалары
Түркістан облысы әкімдігінің
2020 жылғы «__» ______ №__
қаулысына 3-қосымша
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған
1 тоннаға субсидиялар нормалары