Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест по Акжаикскому району на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 281
- Қабылданған күні
- 29.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2021 161240_549232.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21ZB00281A
- ЭКБ идентификаторы
- 161240
- Редакция идентификаторы
- 161240_549232
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:31
0 Ақжайық ауданы бойынша
2022 жылға жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата - анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген) сәйкес, Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарының квотасы ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыскерлерінің тізімдік санынан ұйымдар үшін:
осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде;
осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін екі пайыз мөлшерінде белгіленсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Үмітовке жүктелсін.
3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ақжайық ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «29» қарашадағы
№ 281 қаулысына
1-қосымша
Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
13
2
1
2
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
17
2
1
3
«Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі
13
2
1
5 Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
Ақжайық ауданы әкімдігінің
2021жылғы «29» қарашадағы
№ 281 қаулысына
2-қосымша
Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота
№
Ұйымдардың атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (%)
Белгіленген квотаға сәйкес жұмыс орындарының саны
1
Ақжайық ауданы әкімдігінің «Жайықтехсервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (шаруашылық жүргізу құқығына негізделген)
76
2
1
2
«Чапаев ауылындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі
104
2
2