Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест по Жангалинскому району на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 277
- Қабылданған күні
- 19.11.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.06.2022 161398_582592.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21ZE00277A
- ЭКБ идентификаторы
- 161398
- Редакция идентификаторы
- 161398_582592
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:45
0 Жаңақала ауданы бойынша
2022 жылға жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Жаңақала ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Жаңақала ауданы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар үшін ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санынан бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін;
2 2. «Жаңақала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Еслямғалиеваға жүктелсін.
4 Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 қарашадағы
№277 қаулысына
№1 қосымша
Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін
квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Жаңақала аудандық білім беру бөлімінің «Д.Нурпейсова атындағы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
107
1%
1
5 Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 қарашадағы
№277 қаулысына №2 қосымша
Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Аудандық сауықтыру ауруханасы» оңалту орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
100
1%
1
6 Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
Жаңақала ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 19 қарашадағы
№277 қаулысына
№3 қосымша
Жаңақала ауданы бойынша 2022 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота
№
Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Жаңақала аудандық мәдениет бөлімінің «Жаңақала аудандық мәдени - демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
114
1%
1