Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Айтекебийскому району на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации по Айтекебийскому району на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- 2022 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 318
- Қабылданған күні
- 03.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 03.12.2021 161964_551950.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 03.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21CB00318A
- ЭКБ идентификаторы
- 161964
- Редакция идентификаторы
- 161964_551950
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:24
0 2022 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығына сәйкес, Әйтеке би ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2022 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Әйтеке би аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы қаулыны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Әйтеке би ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
7 Әйтеке би ауданы әкімдігінің
2021 жылғы «03» желтоқсандағы
№ 318 қаулысына қосымша
2022 жылға Әйтеке би ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№
р/н
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Комсомол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
2
2
2
«Кұмкұдык» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
119
3
4
3
«Назерке-2013» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2
1
4
«ЕНБЕК - AGRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
60
2
1
5
«БУЛАК АГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
50
2
1
6
«Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әйтеке би аудандық «Целинник» мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
100
2
2
7
«Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Әйтеке би аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
52
2
1
8
«Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Қарабұтақ орман шаруашылығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
55
2
1
9
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әйтеке би аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
194
3
6
10
«Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әйтеке би аудандық ветеринариялық стансасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
60
2
1