Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Каргалинскому району на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства граждан из числа молодежи, потерявших или оставшихся до наступления совершеннолетия без попечения родителей, являющихся выпускниками организаций образования по Каргалинскому району на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- 2022 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 14.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 14.12.2021 162074_553720.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21CF00236A
- ЭКБ идентификаторы
- 162074
- Редакция идентификаторы
- 162074_553720
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:02
0 2022 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын
жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 9) тармақшасына, 27 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 13898 тіркелген бұйрығынасәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. 2022 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігініңинтернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қарғалы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 236 қаулысына қосымша
2022 жылға Қарғалы ауданы бойынша ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№
р/н
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
236
3
7
2
«Степное Алтын Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
40
3
1
3
«Велиховка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
35
3
1
4
«ДиЛэнд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
3
3