Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Каргалинскому району на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью по Каргалинскому району на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- 2022 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 235
- Қабылданған күні
- 14.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 27.08.2022 162076_589668.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.08.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G21CF00235A
- ЭКБ идентификаторы
- 162076
- Редакция идентификаторы
- 162076_589668
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 05:03
0 2022 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша
мүгедектігі бар адамдар
үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 14010 тіркелген бұйрығына сәйкес, Қарғалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. 2022 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Қарғалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны оның ресми жариялағаннан кейін Қарғалы ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
5 Қарғалы ауданы әкімдігінің
2021 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 235 қаулысына қосымша
2022 жылға арналған Қарғалы ауданы бойынша мүгедектер үшін
ұйымдар бөлінісінде жұмыс орындарына квота
№
р/н
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік санынан %)
Жұмыс орындарының саны (бірлік)
1
«Степное» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
236
3
7
2
«ДиЛэнд» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
85
2
2
3
«Велиховка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
35
2
1
4
«Степное Алтын Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік
40
2
1
5
«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қарғалы аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны
242
3
7
6
«Ақтөбе облысының білім басқармасы Қарғалы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
959
4
38
7
«Қарғалы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
12
2
1