Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Бокейординскому району на 2022 год

Қаулы · № 168 · қабылданған 22.11.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-162191/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Бокейординскому району на 2022 год Күшін жойған 01.01.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Бокейординскому району на 2022 год

Күшін жойған Қаулы № 168 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Бокейординскому району на 2022 год
Атауы (қаз.)
Бөкей ордасы ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
168
Қабылданған күні
22.11.2021
Көрсетілген редакция
01.01.2023 162191_610238.kaz
Соңғы өзгеріс
01.01.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21ZD00168A
ЭКБ идентификаторы
162191
Редакция идентификаторы
162191_610238
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:44
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Бөкей ордасы ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14010 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бөкей ордасы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бөкей ордасы ауданы бойынша жұмыскерлердің мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

2. «Бөкей ордасы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялануын және Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің интернетресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Акқалиевке  жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

8 Бөкей ордасы ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы

Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «22» қарашадағы
№168 қаулысына қосымша
Бөкей ордасы ауданында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы
Р/с №
Ұйымдардың атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны (ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде), адам
Квота мөлшері (жұмыскерлердің тізімдік саны), %
Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының саны, адам
1
"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мәншүк Мәметова атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі
112
3
1
2
"Бөкей ордасы ауданының білім беру бөлімінің "Мұхамед-Салық Бабажанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекетті мекемесі
119
3
1
3
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Бөкей ордасы аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
234
4
1
4
"Бөкей ордасы аудандық мәдениет бөлімінің Бөкей ордасы аудандық мәдени-демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
61
2
1
6
"Бөкей ордасы аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" мемлекеттік мекемесі
71
2
1
7
Бөкей ордасы ауданының мәдениет, тілдері дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
51
2
1