Об утверждении предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении предельного объема внешнего долга квазигосударственного сектора на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 109
- Қабылданған күні
- 31.12.2021
- Көрсетілген редакция
- 31.12.2021 163329_557886.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 31.12.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100026450
- ЭКБ идентификаторы
- 163329
- Редакция идентификаторы
- 163329_557886
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:52
0 Квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған
сыртқы борышының шекті көлемін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 қыркүйектегі № 601 қаулысымен бекітілген квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісу қағидаларының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі бекітілсін.
2 2. Мемлекет міндеттемелерін басқару және қаржы секторын дамыту саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
1 Квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған сыртқы борышының шекті көлемі
Бұйрықпен бекітілген
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2021 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 109
Квазимемлекеттік сектордың 2022 жылға арналған
сыртқы борышының шекті көлемі
Р/с №
Квазимемлекеттік сектор субъектілері
Сыртқы борыштың шекті көлемі,
миллион теңге
Сыртқы борыштың шекті көлемі,
миллион Америка Құрама Штаттары доллары*
1
2
3
4
1
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы
7 020 575
16 519
2
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы
2 219 775
5 223
*Ескертпе: 1 Америка Құрама Штаттары доллары үшін 425 теңге бағамы бойынша