Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2022 год по Зайсанскому району

Қаулы · № 690 · қабылданған 22.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-163621/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2022 год по Зайсанскому району Қолданыста Қаулы ·№ 690 ·22.12.2021
22.12.2021 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2022 год по Зайсанскому району

Қолданыста Қаулы ·№ 690 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов на 2022 год по Зайсанскому району
Атауы (қаз.)
Зайсан ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
690
Қабылданған күні
22.12.2021
Көрсетілген редакция
22.12.2021 163621_555929.kaz
Соңғы өзгеріс
22.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21VK00690A
ЭКБ идентификаторы
163621
Редакция идентификаторы
163621_555929
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:55

0 Зайсан ауданы бойынша 2022 жылға

мүгедектер үшін жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 6) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» №498 бұйрығының 8-тармағына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 14010 нөмірімен тіркелген), Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Зайсан ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мынадай тізімдік саны бар ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:

1 1) елуден жүз адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

2 2) жүз бірден екі жүз елу адамға дейін – жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

3 3) екі жүз елу бірден артық адам – жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

2

2. Зайсан ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы №744 «Зайсан ауданы бойынша 2021 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №8120 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 30 желтоқсанда электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Нуртазинге жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы