Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Таскалинскому району на 2022 год

Қаулы · № 258 · қабылданған 20.12.2021
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-163776/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Таскалинскому району на 2022 год Күшін жойған 05.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Таскалинскому району на 2022 год

Күшін жойған Қаулы № 258 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Таскалинскому району на 2022 год
Атауы (қаз.)
Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
258
Қабылданған күні
20.12.2021
Көрсетілген редакция
05.12.2022 163776_608351.kaz
Соңғы өзгеріс
05.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21ZK00258A
ЭКБ идентификаторы
163776
Редакция идентификаторы
163776_608351
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 04:59
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға

арналған мүгедектер үшін жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелді) сәйкес, Тасқала аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №296 «Тасқала ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6556 тіркелген, 2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Турмагамбетов) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Тасқала ауданы әкімдігінің
20___ жылғы «____»____________
№ ____ қаулысымен бекітілген
Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота саны,
%
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының «Тасқала колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
68
2
1
2
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің «Амангелді «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
91
2
1
3
Тасқала ауданы әкімдігі мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
119
2
2
4
«Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
22
2
1
Барлығы
5