Об установлении квоты на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2022 год
Қолданыста
Бұйрық
·№ 15
·
14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты на привлечение иностранной рабочей силы для осуществления трудовой деятельности на территории Республики Казахстан на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған квотаны белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 15
- Қабылданған күні
- 18.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 18.01.2022 163874_557873.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200026567
- ЭКБ идентификаторы
- 163874
- Редакция идентификаторы
- 163874_557873
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:42
0 Қазақстан Республикасының
аумағында еңбек қызметін жүзеге
асыру үшін шетелдік жұмыс күшін
тартуға 2022 жылға арналған
квотаны белгілеу туралы
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабының 1-тармағына және «Халықтың көші-қоны туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2022 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты келесі пайыздық мөлшерде:
1 1) жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,31% мөлшерінде;
2 2) еңбекші көшіп келушілерді тартуға 3,2% мөлшерінде белгіленсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді;
4 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне жұмыста басшылыққа алу үшін жеткізуді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі А.Ә. Сарбасовқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі