Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации, а также для лиц, освобожденных из мест лишения свободы на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 08
- Қабылданған күні
- 14.01.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2022 164259_558985.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22VI00008A
- ЭКБ идентификаторы
- 164259
- Редакция идентификаторы
- 164259_558985
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:43
0 Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған адамдарды,
жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға жұмыс орындарына
квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14-1) тармақшасына,Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына,Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығынасәйкес, Глубокое ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылғажұмыс орындарына квота белгіленсін.
2 2. «Глубокое ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
1 1) осы қаулыны Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3
3. Глубокое ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 185 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысының, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8700 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.В. Старенковаға жүктелсін.
6 Пробация қызметінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі
Глубокое ауданы әкімдігінің
2022 жылғы_____________ № __
қаулысына қосымша
Пробация қызметінде тұрған адамдарды, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін ұйымдардың тізбесі
№
Кәсіпорынның атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Жұмыскерлердің тізімділік санынан пайыздық мәндегі квотаның
мөлшері
Жұмыс орындар саны
1
«IZOTERM» ЖШС
211
2
4