Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по каждой категории субсидируемых семян на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по каждой категории субсидируемых семян на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- 2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 69
- Қабылданған күні
- 16.02.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2022 164726_611217.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22N0026901
- ЭКБ идентификаторы
- 164726
- Редакция идентификаторы
- 164726_611217
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 03:28
0 2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының қоса беріліп отырған көлемі бекітілсін.
2. «Қостанай облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 2022 жылға арналған субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
Қостанай
облысы әкімдігінің
2022 жылғы 16 ақпандағы
№ 69 қаулысына
қосымша
2022 жылға арналған
субсидияланатын тұқымдардың әрбір санаты бойынша тұқым
шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет
қаражатының көлемі
№
Субсидияланатын тұқымдардың санаты
Бюджет қаражатының көлемі,
мың теңге
1
Бірегей тұқымдар
112 427,875
2
Элиталық тұқымдар
754 475,642
3
Бірінші репродукция тұқымдары
699 024,865
4
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
164 071,618
Барлығы
1 730 000,0