Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Кордайскому району на 2022 год

Қаулы · № 83 · қабылданған 21.02.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 20.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-165026/on/2026-08-20/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Кордайскому району на 2022 год Қолданыста Қаулы ·№ 83 ·21.02.2022
21.02.2022 редакциясы
20.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.02.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Кордайскому району на 2022 год

Қолданыста Қаулы ·№ 83 · 20.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Кордайскому району на 2022 год
Атауы (қаз.)
Қордай ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
83
Қабылданған күні
21.02.2022
Қолданысқа енгізілген күні
21.03.2022
Көрсетілген редакция
21.02.2022 165026_563350.kaz
Соңғы өзгеріс
21.02.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22GE00083A
ЭКБ идентификаторы
165026
Редакция идентификаторы
165026_563350
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:25

0 Қордай ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін

жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы №498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қордай ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота бойынша жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. «Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілері эталондық бақылау банкінде оның ресми жариялауын және Қордай ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындауын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.М.Сүгірбайға жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2022 жылдың 01 қаңтарынан туындайтын қатынастарға таралады.

6 Қордай ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Қордай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «21» ақпандағы
№83 қаулысы қосымша
Қордай ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін
жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жыл басындағы қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Квота мөлшері (қызметкерлердің тізімдік санынан)
%
Жұмыс орында рының саны
(бірлік)
1
«Қордай аудандық мәдениет үй» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
98
2%
2
2
«Қордай ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі кәсіпорыны» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
94
2%
2
3
«Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
51
2%
1
4
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №39 Үлкен Сұлутөр орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
57
2%
1
5
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Қордай ауданының білім бөлімінің №12 Масанчи орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
83
2%
1
Барлығы
383
7

Қолданыстағы