Құжат мәтініне өту

Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства, нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных по Алматинской области на 2022 год

Қаулы · № 57 · қабылданған 14.03.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 17.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-165303/on/2026-08-17/
Басып шығарылды 2026-08-17 · adilet.kz
Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства, нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных по Алматинской области на 2022 год Қолданыста Қаулы ·№ 57 ·14.03.2022
23.12.2022 редакциясы
17.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства, нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных по Алматинской области на 2022 год

Қолданыста Қаулы ·№ 57 · 17.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объемов субсидий по направлениям субсидирования на развитие племенного животноводства, повышение продуктивности и качества продукции животноводства, нормативов субсидий, критериев к получателям субсидий и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных по Алматинской области на 2022 год
Атауы (қаз.)
Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
57
Қабылданған күні
14.03.2022
Көрсетілген редакция
23.12.2022 165303_617184.kaz
Соңғы өзгеріс
23.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22D0027124
ЭКБ идентификаторы
165303
Редакция идентификаторы
165303_617184
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 03:09

0

Алматы облысы бойынша 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабының 1-тармағына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 тіркелген) сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

1-1

1-1. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес Алматы облысы бойынша 2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімі бекітілсін.

2 2. Алматы облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1 1) Алматы облысы әкімдігінің «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» 2021 жылғы 26 ақпанындағы № 75 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5894 тіркелген) қаулысы;

2

2) Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысы әкімдігінің 2021 жылғы 26 ақпанындағы «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бойынша субсидиялар көлемдерін бекіту туралы» № 75 қаулысына өзгеріс мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 23 желтоқсанындағы № 479 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 25977 тіркелген) қаулысы.

3 3. «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны Алматы облысы әкімдігінің интернет-ресурсында оның ресми жарияланғаннан кейін орналастыруын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі

11 Алматы облысы әкімдігінің

2022 жылғы 14 наурыздағы
№ 57 қаулысына 1-қосымша
Алматы облысы бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша 2022 жылға арналған субсидиялар көлемдері
Р/с

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
Субсидияланатын көлем (бас, килограмм, дана, доза, бал ара ұясын)
Субсидиялар сомасы
(теңге)
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
1.1
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
Бас/шағылыстыру маусымы
159 863
1 593 630 000
1.2
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
44 645
669 675 000
2.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
Бас/шағылыстыру маусымы
69
6 900 000
3.
Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу:
Сатып алынған бас
2 869
430 350 000
4.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
4.1
Отандық
Сатып алынған бас
699
104 850 000
4.2
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған
265
59 625 000
5.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне кемінде 50 бас ірі қара мал болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген немесе ауыстырылған ірі қара малдың еркек дарақтарының (оның ішінде сүтті және сүтті-етті тұқымдардың еркек дарақтары) құнын арзандату
Тірідей салмағы, килограмм
900 000
180 000 000
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
1.1
Отандық
Сатып алынған бас
500
100 000 000
1.2
Аустралия, Америка Құрама Штаттары, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған
125
50 000 000
2.
Сүт өндіру құнын арзандату
2.1
Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық
Өткізілген немесе өңделген килограмм
31 117 315
1 400 279 175
2.2
Бағымдағы сиырларының саны 400 бастан басталатын шаруашылық
4 821 000
144 630 000
2.3
Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
10 000 000
200 000 000
2.4
Ауыл шаруашылығы кооперативі
6 000 500
120 010 000
3.
Шаруа (фермер) қожалықтарында және ауыл шаруашылығы кооперативтерінде сүтті және сүтті-етті бағытындағы ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру жөніндегі көрсетілетін қызметтер үшін асыл тұқымды және дистрибьютерік орталықтарды субсидиялау
Ағымдағы жылы ұрықтандырылған бас
48 250
241 250 000
Етті құс шаруашылығы
1.
Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу
Сатып алынған бас
609 493
365 695 800
2.
Құс етін өндіру құнын арзандату
2.1
15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
Өткізілген килограмм
48 066 542
3 845 323 365
2.2
500 тоннадан басталатын нақты өндіріс
281 686
14 084 300
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
Сатып алынған бас
1 661 710
99 702 600
Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
Бас/ шағылыстыру маусымы
225 308
901 232 000
1.2
Қойлардың тауарлық аналық басы
720 000
1 800 000 000
2.
Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
Сатып алынған бас
10 891
163 365 000
3.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату
Өткізілген бас
2 973
8 919 000
Шошқа шаруашылығы
1.
Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
Бас/ шағылыстыру маусымы
3 250
130 000 000
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
1.
Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
Балара ұясы/маусым
11 261
56 305 000
2.
Бие сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
Килограм
1 972 082
118 324 920
3.
Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
Килограм
2 000 000
110 000 000
Барлығы
12 919 151 160
Қаражат шегінде асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша 2021 жылы резервке (күту парағы) түскен субсидиялар көлемдері
Етті және етті-сүтті мал шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу:
1.1
Ірі қара малдың тауарлық аналық басы
Бас/шағылыстыру
маусымы
8 408
84 080 000
1.2
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басы
1 052
15 780 000
2.
Табынның өсімін молайту үшін пайдаланылатын етті және етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын күтіп-бағу
Бас/шағылыстыру
маусымы
7
700 000
3.
Етті, етті-сүтті тұқымдардың асыл тұқымды тұқымдық бұқасын сатып алу:
Сатып алынған бас
126
18 900 000
4.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
4.1
Отандық
Сатып алынған бас
1 433
214 950 000
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
1.1
Аустралия, Америка Құрама Штаттары, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған
Сатып алынған бас
391
156 400 000
2.
Сүт өндіру құнын арзандату:
2.1
Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық
Өткізілген немесе
өңделген
килограмм
4 895 643
220 303 935
2.2
Бағымдағы сиырларының саны 50 бастан басталатын шаруашылық
1 409 874
28 197 480
2.3
Ауыл шаруашылығы кооперативі
1 143 530
22 870 600
Етті құс шаруашылығы
1.
Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу
Сатып алынған бас
111 108
66 664 800
2.
Құс етін өндіру құнын арзандату
2.1
15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
Өткізілген килограмм
10 846 460
867 716 800
2.2
500 тоннадан басталатын нақты өндіріс
357 295
17 864 750
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Асыл тұқымды құстардан алынған жұмыртқа бағытындағы финалдық нысандағы тәуліктік балапан сатып алу
Сатып алынған бас
183 000
10 980 000
2.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату (2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады)
2.1
200 миллион данадан басталатын нақты өндіріс
Өткізілген дана
85 881 910
128 822 865
Қой шаруашылығы
1.
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
1.1
Қойлардың асыл тұқымды аналық басы
Бас/ шағылыстыру маусымы
35 712
142 848 000
1.2
Қойлардың тауарлық аналық басы
135 851
339 627 500
2.
Отандық асыл тұқымды қойлар сатып алу
Сатып алынған
бас
11 274
169 110 000
3.
Бордақылау алаңдарына бордақылау үшін немесе сою қуаты тәулігіне 300 бас болатын ет өңдеуші кәсіпорындарға өткізілген ұсақ малдардың еркек дарақтарының құнын арзандату
Өткізілген бас
4 736
14 208 000
Жылқы шаруашылығы
1.
Өнімді бағыттағы асыл тұқымды тұқымдық айғырлар сатып алу
Сатып алынған бас
3
300 000
Шошқа шаруашылығы
1.
Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
Бас/ шағылыстыру маусымы
167
6 680 000
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен:
1.
Балара ұяларымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу
Балара ұясы/маусым
2 854
14 270 000
2.
Түйе сүтін өндіру және өңдеу құнын арзандату
Килограм
289 150
15 903 250
Барлығы
2 557 177 980
Қаражат шегінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялау бағытты бойынша 2021 жылы резервке (күту парағы) түскен субсидиялар көлемдері
1.
Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы
бас
1 152
69 120 000
2.
Ірі қара малдың аналық басы
бас
75 225
1 128 375 000
3.
Қой малдың аналық басы
бас
466 069
1 165 172 500
4.
Жылқының аналық басы
бас
7 685
76 850 000
5.
Түйелердің аналық басы
бас
141
1 410 000
Барлығы
2 440 927 500
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға субсидиялау бағыттары бойынша қаражат шегінде Республикалық бюджеттен бөлінген субсидиялар көлемдері
Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы
1.
Ірі қара малдың асыл тұқымды аналық басын сатып алу:
1.1
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Украина елдерінен импортталған
Сатып алынғанбас
61
13 725 000
1.2
Аустралия, АҚШ, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа елдерінен импортталған
531
212 400 000
2.
Сүт өндіру құнын арзандату:
2.1
Бағымдағы сиырларының саны 600 бастан басталатын шаруашылық
Өткізілген немесе
өңделген
килограмм
8 867 404
399 033 180
Етті құс шаруашылығы
1.
Ата-енелік/ата-тектік нысандағы асыл тұқымды тәуліктік балапан сатып алу
Сатып алынған бас
259 647
155 788 200
2.
Құс етін өндіру құнын арзандату
2.1
15 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
Өткізілген килограмм
21 310 203
1 704 816 234
2.2
5 000 тоннадан басталатын нақты өндіріс
1 231 250
73 875 000
Жұмыртқалы құс шаруашылығы
1.
Тағамдық жұмыртқа өндіру құнын арзандату 5 миллион данадан басталатын нақты өндіріс (2023 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады)
Өткізілген дана
525 451 462
1 576 354 386
Шошқа шаруашылығы
1.
Шошқалардың аналық және шошқа басын толықтыратын басымен селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізу
Бас/ шағылыстыру маусымы
7 185
287 400 000
Барлығы
4 423 392 000
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялау бағытты бойынша субсидиялар көлемдері
1.
Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы (50 бастан)
бас
12 072
1 207 200 000
2.
Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы
бас
63 223
1 264 460 000
3.
Қой малдың аналық басы
бас
241 137
723 411 000
4.
Түйелердің аналық басы
бас
2 806
42 090 000
Барлығы
3 237 161 000

12 Алматы облысы әкімдігінің

2022 жылғы 14 наурыздағы
№ 57 қаулысына 2-қосымша
Алматы облысы бойынша 2022 жылға арналған ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттары және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері

Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 басқа арналған субсидия нормативтері, теңге
Өлшемшарттары
Өтінім беру мерзімі
1
Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы (50 бастан)
бас
100 000
1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен құнажындардың) аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) инфрақұрылымның сәйкестігіне арнайы комиссияның қорытындысын алған сүт-тауар фермалары;
3) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорда тіркелуі және деректердің сәйкестігі
Ағымдағы жылдың 25 желтоқсанға
(қоса алғанда) дейін
2
Етті және етті-сүтті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы
бас
20 000
1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен құнажындардың) аналық басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорында тіркелуі және деректердің сәйкестігі
3
Қой малдың аналық басы
бас
3 000
1) өтінім берген сәтте (15 айдан асқан аналықтардың) аналық басының болуы;
2) өтінімді берген сәтте аналық мал басының селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор тіркелуі және деректердің сәйкестігі
4
Түйелердің аналық басы
бас
15 000
1) өтінім берген сәтте (36 айдан асқан аналықтардың) аналық басының болуы;

Қолданыстағы