Құжат мәтініне өту

Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на 2022 год

Қаулы · № 583 · қабылданған 14.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-166762/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на 2022 год Қолданыста Қаулы ·№ 583 ·14.04.2022
14.04.2022 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на 2022 год

Қолданыста Қаулы ·№ 583 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении пороговых значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары по городу Шымкент на 2022 год
Атауы (қаз.)
Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
583
Қабылданған күні
14.04.2022
Көрсетілген редакция
14.04.2022 166762_570009.kaz
Соңғы өзгеріс
14.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22E0027607
ЭКБ идентификаторы
166762
Редакция идентификаторы
166762_570009
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:28

0 Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 117-бабының 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес, Шымкент қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Шымкент қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Шымкент қаласы әкімінің орынбасары А.Б. Сәттібаевқа жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

7 Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндері

Шымкент қаласы
әкімдігінің
2022 жылғы 14 сәуірдегі
№ 583
Қаулысына қосымша
Шымкент қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының 2022 жылға арналған шекті мәндері

Тауарлар атауы
Бірінші тоқсан
(теңге)
Екінші тоқсан
(теңге)
Үшінші тоқсан
(теңге)
1
Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын), килограмм
303
317
327
2
Бірінші сортты бидай ұны, килограмм
176
175
181
3
Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын), килограмм
539
571
621
4
Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді), килограмм
166
172
174
5
Рожки (өлшеніп салынатын), килограмм
291
276
292
6
Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі), килограмм
2262
2303
2554
7
Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік), килограмм
1003
1029
1080
8
Пастерленген сүт, майлылығы
2,5 %, жұмсақ қаптамада, литр
255
255
262
9
Айран, майлылығы 2,5 %, жұмсақ қаптамада, литр
256
256
254
10
Сүзбе: майлылығы 5-9 %, килограмм
1828
1853
1849
11
Тауық жұмыртқасы (I санатты),
10 дана
331
311
318
12
Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5 % толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ), килограмм
2456
2435
2427
13
Күнбағыс майы, литр
757
804
834
14
Ақ қауданды қырыққабат, килограмм
144
91
129
15
Басты пияз, килограмм
89
121
85
16
Асханалық сәбіз, килограмм
163
261
184
17
Картоп, килограмм
149
191
153
18
Ақ қант - құмшекер, килограмм
326
323
314
19
Ас тұзы («Экстра» - дан басқа), килограмм
47
46
45

Қолданыстағы