Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Акмолинской области на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении объемов бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Акмолинской области на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- 2022 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-4/192
- Қабылданған күні
- 20.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 20.04.2022 166801_569626.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22B0027683
- ЭКБ идентификаторы
- 166801
- Редакция идентификаторы
- 166801_569626
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:20
0 2022 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
«Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдері бекітілсін.
2 2. «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулының Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Ақмола облысы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 2022 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдері
Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 20 сәуірдегі
№ А-4/192 қаулысына
қосымша
2022 жылға арналған Ақмола облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға бюджет қаражатының көлемдері
Субсидиялау бағыттары
Субсидиялауға талап етілетін қаражат, мың теңге
Бірегей тұқымдар
16 636
Элиталық тұқымдар
344 070
Бірінші репродукция тұқымдары
306 480
Бірінші ұрпақ будандары
121 826
Бюджет қаражатының барлығы
789 012