Құжат мәтініне өту

Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2022 год

Қаулы · № 78 · қабылданған 15.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-166893/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2022 год Қолданыста Қаулы ·№ 78 ·15.04.2022
20.10.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2022 год

Қолданыста Қаулы ·№ 78 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении объема бюджетных средств на субсидирование развития семеноводства по Северо-Казахстанской области на 2022 год
Атауы (қаз.)
2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
78
Қабылданған күні
15.04.2022
Көрсетілген редакция
20.10.2022 166893_598611.kaz
Соңғы өзгеріс
20.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22S0027738
ЭКБ идентификаторы
166893
Редакция идентификаторы
166893_598611
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:26

0 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 38-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2 2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі

Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің 2022 жылғы
«15» сәуірдегі № 78 қаулысына
қосымша
2022 жылға арналған Солтүстік Қазақстан облысы бойынша тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған бюджет қаражатының көлемі
Субсидияланатын тұқымдардың санаты
Бюджет қаражатының көлемі,
теңге
Бірегей тұқымдар
56 981 260
Элиталық тұқымдар
526 524 937
Бірінші репродукция тұқымдары
265 564 462
Бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары
755 501 341
Барлығы
1 604 572 000

Қолданыстағы