Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест на 2022 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации города Арыс, освобожденных из мест лишения свободы

Қаулы · № 277 · қабылданған 26.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-166975/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест на 2022 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации города Арыс, освобожденных из мест лишения свободы Қолданыста Қаулы ·№ 277 ·26.04.2022
26.04.2022 редакциясы
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест на 2022 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации города Арыс, освобожденных из мест лишения свободы

Қолданыста Қаулы ·№ 277 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест на 2022 год для трудоустройства лиц, состоящих на учете службы пробации города Арыс, освобожденных из мест лишения свободы
Атауы (қаз.)
Арыс қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
277
Қабылданған күні
26.04.2022
Көрсетілген редакция
26.04.2022 166975_570605.kaz
Соңғы өзгеріс
26.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22UB00277A
ЭКБ идентификаторы
166975
Редакция идентификаторы
166975_570605
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:15

0 Арыс қаласының пробация

қызметінің есебінде тұрған
адамдарды, бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған
адамдарды жұмысқа орналастыру
үшін 2022 жылға арналған жұмыс
орындарына квота белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, 27 бабы 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы №412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Арыс қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2 2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2022 жылға 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3

3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды 1-қосымшаға сәйкес және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды 2-қосымшаға сәйкес жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының 2022 жылға квотасын белгілеуде Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 26-бабы 2-бөлігі 3-тармағының талаптары қатаң сақталсын.

4 4. Арыс қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін қала әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау Арыс қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

6 6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

9 Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі

Арыс қаласы әкімдігінің
2022 жылғы __________
____________ №______
қаулысына 1 қосымша
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік саны
Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.1
«Шавгар ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
36
2,78
2
2.
«Бақыт-Агросервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
18
5,56
1

10 Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі

Арыс қаласы әкімдігінің
2021 жылғы __________
____________ №______
қаулысына 2 қосымша
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Арыс қаласы ұйымдарының тізімі

Ұйым атауы
Жұмыскерлердің тізімдік саны
Квотаның мөлшері (%) жұмыскерлердің тізімдік саны
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны
1.
«Еңбекші-П.Арапов» өндірістік кооперативі
16
6,25
1
2.
«Тұрлыбек-Т-Н» өндірістік кооперативі
14
7,14
1

Қолданыстағы