Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Акжаикскому району на 2022 год

Қаулы · № 54 · қабылданған 11.04.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-167052/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Акжаикскому району на 2022 год Күшін жойған 30.12.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Акжаикскому району на 2022 год

Күшін жойған Қаулы № 54 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Акжаикскому району на 2022 год
Атауы (қаз.)
Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
54
Қабылданған күні
11.04.2022
Көрсетілген редакция
30.12.2022 167052_620230.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZB00054A
ЭКБ идентификаторы
167052
Редакция идентификаторы
167052_620230
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:34
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақжайық ауданы бойынша

2022 жылға арналған мүгедектер
үшін жұмыс орындарына квота
белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрығына (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 19 наурыздағы №82 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2021 жылғы 25 наурызда №22386 болып тіркелді) сәйкес, Ақжайық аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға арналған тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

2. Ақжайық ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №91 «Ақжайық ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6212 тіркелген, 2020 жылғы 30 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Ақжайық ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Абугалиевке жүктелсін.

5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ақжайық ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «11» сәуірдегі
№ қаулысына қосымша
Ақжайық ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота саны, %
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Алмалы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
86
2
1
2
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Бударин мектеп-бөбекжай кешені» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
80
2
1
3
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Мерген жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
77
2
1
4
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «О.Исаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
86
2
1
5
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданы білім беру бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
69
2
1
6
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының Ақжайық ауданының білім беру бөлімінің «Тайпақ мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
53
2
1
Барлығы
6