Құжат мәтініне өту

Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской и Мангистауской областей на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2022 год

Қаулы · № 279 · қабылданған 04.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-167284/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской и Мангистауской областей на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2022 год Қолданыста Қаулы ·№ 279 ·04.05.2022
05.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской и Мангистауской областей на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2022 год

Қолданыста Қаулы ·№ 279 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об основных условиях кредитования бюджетов Карагандинской и Мангистауской областей на реконструкцию и строительство систем тепло-, водоснабжения и водоотведения на 2022 год
Атауы (қаз.)
Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
279
Қабылданған күні
04.05.2022
Көрсетілген редакция
05.08.2022 167284_588221.kaz
Соңғы өзгеріс
05.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000279
ЭКБ идентификаторы
167284
Редакция идентификаторы
167284_588221
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:05

0 Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға

2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 180-бабының 2-тармағына, «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары бекітілсін.

2 2. Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдары 2022 жылға арналған облыстық бюджетте тиісті түсімдерді көздейтін шешім қабылдағаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде мәслихаттың көрсетілген шешімін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне ұсынсын.

3 3. Қазақстан Республикасының Қаржы және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктері заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдарымен кредиттік шарттар жасасуды;

2 2) бюджеттік кредиттің нысаналы пайдаланылуын және республикалық бюджетке уақтылы қайтарылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

4 4. Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдары тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы және Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне бюджеттік кредиттің игерілуі туралы ақпарат беріп тұрсын.

5 5. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға бөлінген бюджеттік кредиттің игерілуіне мониторингті қамтамасыз етсін.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жүктелсін.

7 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2022 жылғы
« » № қаулысымен
бекітілген
Қарағанды және Маңғыстау облыстарының бюджеттеріне жылумен,
сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға
және салуға 2022 жылға арналған кредит берудің негізгі шарттары

1 1. Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – қарыз алушылар) кредит беру үшін мынадай негізгі шарттар белгіленеді:

1

1) «2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2021 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңында 224 «Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялау және салу үшін кредит беру» бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген 8612030000 (сегіз миллиард алты жүз он екі миллион отыз мың) теңге сомасындағы бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға 2022 жылға жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін реконструкциялауға және салуға жылдық 0,01 % сыйақы мөлшерлемесі бойынша 20 (жиырма) жыл мерзімге беріледі;

2 2) бюджеттік кредит бойынша негізгі борышты өтеуді қарыз алушылар 72 (жетпіс екі) айды құрайтын жеңілдікті кезең өткеннен кейін 2028 жылдан бастап тең үлестермен жүзеге асырады;

3 3) бюджеттік кредитті игеру кезеңі бюджеттік кредиттер қарыз алушыларға аударылған кезден бастап есептеледі және 2023 жылғы 10 желтоқсанда аяқталады.

2 2. Бюджеттік кредитті беру, өтеу және оған қызмет көрсету бойынша қосымша шарттар Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес кредиттік шарттарда белгіленеді.

_____________________________

Қолданыстағы