Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Теректинскому району на 2022 год

Қаулы · № 139 · қабылданған 16.06.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-169164/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Теректинскому району на 2022 год Қолданыста Қаулы ·№ 139 ·16.06.2022
16.06.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Теректинскому району на 2022 год

Қолданыста Қаулы ·№ 139 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Теректинскому району на 2022 год
Атауы (қаз.)
Теректі ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
139
Қабылданған күні
16.06.2022
Көрсетілген редакция
16.06.2022 169164_580712.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZL00139A
ЭКБ идентификаторы
169164
Редакция идентификаторы
169164_580712
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:23

0 Теректі ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Теректі ауданы бойынша 2022 жылға мынадай тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайзға дейінгі мөлшерінде белгіленсін:
1) елу адамнан жүз адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;
2) жүз бір адамнан екі жүз елу адамға дейін - жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;
3) екі жүз елу бірден астам адамнан - жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде.

2 2. Теректі ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 12 қыркүйектегі № 297 «Теректі ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқұқтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4902 тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Теректі ауданы әкімі аппаратының басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасарына Д.Гумаровқа жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

6 Теректі ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Аудан әкімдігінің
2022 жылғы «16» маусымдағы
№ 139 қаулысына қосымша
Теректі ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота мөлшері
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
1
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Теректі аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
345
4%
14
2
Батыс Қазақстан облысының әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Теректі аудандық 2-ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
180
3%
5
3
«Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі
290
4%
12
4
Теректі ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Теректі аудандық Достық үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
66
2%
1
5
«Федоровка ауылындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесі» мемлекеттік мекемесі
116
3%
3
6
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Ақжайық жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
130
3%
4
7
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Федоровка жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
81
2%
2
8
«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Теректі ауданы білім беру бөлімінің «Подстепный №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
173
3%
5

Қолданыстағы