Құжат мәтініне өту

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Чингирлаускому району на 2022 год

Қаулы · № 144 · қабылданған 26.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2022-ekb-171285/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Чингирлаускому району на 2022 год Қолданыста Қаулы ·№ 144 ·26.08.2022
26.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Чингирлаускому району на 2022 год

Қолданыста Қаулы ·№ 144 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении квоты рабочих мест для инвалидов по Чингирлаускому району на 2022 год
Атауы (қаз.)
Шыңғырлау ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
144
Қабылданған күні
26.08.2022
Көрсетілген редакция
26.08.2022 171285_590169.kaz
Соңғы өзгеріс
26.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22ZM00144A
ЭКБ идентификаторы
171285
Редакция идентификаторы
171285_590169
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:24

0 Шыңғырлау ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шіледе № 14010 болып тіркелді) сәйкес, Шыңғырлау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Шыңғырлау ауданы бойынша 2022 жылға арналған тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.

2

2. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 57 «Шыңғырлау ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6203 тіркелген, 2020 жылы 28 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Шыңғырлау ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 25 қарашадағы № 158 «Шыңғырлау ауданы бойынша 2022 жылға мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысы жойылсын.

4 4. Аудан әкімі аппаратының басшысы осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

5 5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Бисембаевқа жүктелсін.

6 6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

7 Шыңғырлау ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Шыңғырлау ауданы әкімдігінің
2022 жылғы «26» тамыздағы
№ 144 қаулысына қосымша
Шыңғырлау ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота

Ұйымның атауы
Жұмыс орындарының саны
Квота пайызы
Квота белгіленген жұмыс орындарының саны
2022 жылға арналған квота
1
Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Шыңғырлау орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
104
3
3
1
2
Шыңғырлау ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің «Л.Қылышев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
141
3
4
1
3
Шыңғырлау аудандық мәдениет бөлімінің «Шыңғырлау аудандық мәдени-демалыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
144
3
4
1
4
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Шыңғырлау аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
277
4
11
1
Барлығы
666
3-4
22
4

Қолданыстағы