Об утверждении перечня приоритетных культур и нормы субсидий, а также объем бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня приоритетных культур и нормы субсидий, а также объем бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- 2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 194
- Қабылданған күні
- 02.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 28.12.2022 171316_611248.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22S0029465
- ЭКБ идентификаторы
- 171316
- Редакция идентификаторы
- 171316_611248
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:18
0 2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі мен субсидиялар нормаларын, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемдерін
бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына, «Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелді) бекітілген Өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 14-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар бекітілсін:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемдері.
2. «Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
0 2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары
Солтүстік Қазақстан облысы
әкімдігінің
2022 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 194 қаулысына
1-қосымша
2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидиялар нормалары
№
Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге
1
Рапс
24 125
2
Күнбағыс
11 650
3
Зығыр
22 050
4
Қыша
21 325
5
Арыш
26 850
6
Қытайбұршақ
17 425
7
Қышабас
20 050
8
Қарақұмық
14 500
1 2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдері
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің
2022 жылғы 02 қыркүйектегі
№ 194 қаулысына
2-қосымша
2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджеттік қаражат көлемдері
№
Облыстың атауы
Субсидиялар көлемі, теңге
1
Солтүстік Қазақстан облысы
500 000 000,00
Барлығы
500 000 000,00