Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении квоты рабочих мест для лиц с инвалидностью на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- Мүгедек адамдар үшін 2022 жылға жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 405
- Қабылданған күні
- 08.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 08.09.2022 171420_590571.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22VL00405A
- ЭКБ идентификаторы
- 171420
- Редакция идентификаторы
- 171420_590571
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:14
0 Мүгедек адамдар үшін 2022 жылға жұмыс орындарының
квотасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6) тармақшасына, «Қазақстан Республикасында мүгедек адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Алтай ауданында ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедек адамдар үшін жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2 2. «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» Алтай ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 27 наурыздағы № 116 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6853 нөмірімен тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Алтай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Алтай ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж. А. Асқароваға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Мүгедек адамдар үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
Алтай ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 405 қаулысына
қосымша
Мүгедек адамдар үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарының квотасы
№ п\п
Ұйым атауы
Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)
Жұмыскерлердің тізімдік санынан квота мөлшері (%)
Квота бойынша жұмыс орындарының саны
1
2
3
4
5
1
Алтай ауданы әкімдігінің «Горняк» мәдени-демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
110
3%
3
2
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «№ 1 түзету мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
95
2%
2
3
Алтай ауданы әкімдігінің «Жылу-су орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны
835
4%
33
4
«Алтай қаласының технологиялық колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
55
2%
1
5
«Плюс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
75
2%
1
6
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Алтай ауданының білім бөлімінің «№ 11 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
119
3%
3
7
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Алтай ауданының білім бөлімінің «Алтай қаласының мектеп лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
62
2%
1
8
«Алтай ауданының орталық кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
76
2%
2
9
«Алтай ауданының мүгедектер мен қарттарға әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
164
3%
5
10
Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданының Грехово кентіндегі мүгедектерге арналған оңалту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
87
2%
1
11
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Алтай ауданының білім бөлімінің «Тұрғысын орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
56
2%
1
12
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының Алтай ауданының білім бөлімінің «Соловьево орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
51
2%
1
13
«Стройшахтопроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
66
2%
1
14
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасы Алтай ауданының білім бөлімінің «№ 8 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
81
2%
1