Об утверждении нормативов субсидий, критерий к получателям субсидий, и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных по Атырауской области на 2022 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении нормативов субсидий, критерий к получателям субсидий, и сроков подачи заявки на получение субсидий на удешевление стоимости затрат на корма маточному поголовью сельскохозяйственных животных по Атырауской области на 2022 год
- Атауы (қаз.)
- 2022 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 19.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 19.09.2022 171835_592179.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22T0029719
- ЭКБ идентификаторы
- 171835
- Редакция идентификаторы
- 171835_592179
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:58
0 2022 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27, 37-баптарына, «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18404 болып тіркелген) бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 10-тармағына сәйкес, Атырау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған 2022 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері бекітілсін.
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
4 2022 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
Атырау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 198 қаулысымен бекітілген
2022 жылға арналған Атырау облысы бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтері, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттар, субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдері
№
Субсидиялау бағыты
Өлшем бірлігі
1 басқа арналған субсидия нормативі, теңге
Өлшем шарттары
Өтінім беру мерзімі
1
Сүтті және сүтті етті бағыттағы ірі қара малдың аналық басы
бас
240 000
өтінім берген сәтте (13 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 600 бастан кем емес болуы
Ағымдағы жылғы 20 қыркүйектен бастап 20 желтоқсанға дейін
2
Ірі қара малдың аналық басы
бас
30 000
1) өтінім берген сәтте (18 айдан асқан сиыр мен қашарлардың) меншікті аналық басының 25 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы
Ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап 20 желтоқсанға дейін
3
Ұсақ малдың аналық басы
бас
5 000
1) өтінім берген сәтте (12 айдан асқан аналықтардың) меншікті аналық басының қойлардың 200 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы
4
Жылқылардың аналық басы
бас
8 000
1) өтінім берген сәтте (36 айдан асқан аналық бас) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы
5
Түйелердің аналық басы
бас
8 000
1) өтінім берген сәтте (36 айдан асқан аналық бас) меншікті аналық басының 50 бастан кем емес болуы;
2) жайылымдардың болуы